Bugin

“Абай жолы” – келешек ұрпақтың таусылмас асыл қазынасы

«Қамтылатын тақырыбының кеңдігі, сөз саптау шеберлігі және әдеби өңделуі жағынан «Абай жолы» ерекше көріністі береді», – деп академик Қ.Сәтбаев романға қатысты өз құнды пікірін білдірген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Абай жолы” романы – М. Әуезовтің ең көлемді әрі таңдаулы әдеби шығармаларының бірі. Қазақтың маңдайына біткен жазушысы өз көлемді шығармасында Абайдың өмірімен қоса, сол жылдағы халықтың өмірін, салт-дәстүрін жан-жақты суреттеп жазған. Әсіресе ата-бабамыздан келе жатқан байырғы салт-дәстүріміз кең көлемде сипаттап жазған. 

Шығармадағы салт-дәстүрдің бірі күйеудің қайын жұртына алғаш келуі, яғни “Ұрын келу” дәстүрі жайлы айтылады: “Арғынға белгілі Қазыбек Тіленшінің Алтынбайы. Бұл атырапта одан асқан аруағы жоқ. Сондай ауылға ұрын жіберу осал қамы емес. Мал дүниенің барлығынан да көп үлес, мол шығын шығару керек деген сөз”,- деп жазушы суреттейді.

Тағы да салт-дәстүрдің бірі – “Қол ұстатар”. Бұл салт-дәстүрде қалыңдық пен күйеу жігіттің қолын ұстатып, өзі шығып кетеді. Сонан кейін шаш сипар ырымы, ол да жібек матамен қыздың бұрымын ұстатады. Бұл дәстүр шығармадa: “Осының артынан екі жеңге ақырын күліп келіп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып екеуінің де оң қолдарын бір-біріне ұстатады”, – деп осындай байырғы дәстүрді Мұхтар Әуезов өз шығармасында жан-жақты сипаттаған.

Осындай бабаларымыздың сонау жылдан бергі келе жатқан, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді “Абай жолы” романын оқу арқылы санамызға түйіп, қайта жаңғырта аламыз, себебі қазіргі таңда өскелең ұрпақ өз салт –дәстүрін, тіпті тілін ұмытып бара жатыр. Егер біз келешек ұрпаққа осы “Абай жолын” оқытатын болсақ, олар қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, тарихын қыр-сырынан танып, бабаларымыздан қалған асыл мұраны көзінің қарашығындай сақтап, елін, жерін ойлайтын нағыз азаматтар тәрбиеленуші еді.

Елбасымыздың жолдауы “Болашаққа бағдар рухани жаңғыру” мақаласында да ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс, - деп әрі ұлттық құндылықсыз жаңғыру ол тек жаңғыру ғана екенін дөп басып айтып өтеді.

Қорыта айтар болсақ – “Абай жолы” романы қазақ халқының бүгіні мен келешегі үшін ізі өшпейтін мәңгілік мұра. Көзім ілініп барады дейді.