Bugin

"Апама жала жабылды": "шылым шегетіні" үшін тізімнен шығарылған ардагердің немересі сұқбат берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше ғана ардагерлер тізімінен алынып тасталған әже туралы жаңалық шықты. Осыған қатысты "Batyr Jamal" әжейдің немересінен сұқбат алған. Bugin.kz платформасы сіздерге қазақша аудармасын ұсынады. 

Немересі Манат Нұрмұхамбетовтың айтуынша, әжесінің басынан талай қиындық өтіпті. Хауа Буланбаева 1920 жылы дүниеге келген, бірақ құжатта 1921 жыл деп жазылыпты. 20 желтоқсанда ол өзінің 100 жасын ресми түрде атап өтеді.

Хауа ашаршылықты көрген, 1931 жылы әкесін атып, қуғын-сүргінге ұшыраған. Ол тылда еңбек етіп, көптеген медальмен марапатталған. 1995 жылы соғыс ардагерлерлеріне теңестірілді. Өмір бойы әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 2020 жылы оны қуғын-сүргінге ұшырағандар құрметіне қойылған ескерткіштің – әкесі жерленген жердің ашылуына шақырған. Хауа Буланбаеваның немересі әжесінің туған жерінде Жеңіс күнімен ресми әлі ешкім құттықтамағанын айтты. 

"Бүгін ардагерлер кеңесіне апамыз дайындалып жатқандықтан, құттықтауға келе ме, соны білуге хабарластым. Маған оның кәрі екенін және темекі шегетінін айтты, сондықтан ол тізімнен шығарылыпты. Мен шошып кеттім: темекісі қалай? Апама жала жауып отыр. Не істеуге болады? Енді мен апама құттықтауға келмейтінін қалай түсіндіремін?", - деді ардагердің немересі Манат Нұрмұхамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында 100 жастағы тыл еңбеккері Хауа Бұланбаеваны 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықталатын ардагерлер тізімінен алып тастаған еді.