Авторлық ертегі
Бала кезімде күнделігімде әртүрлі баға өкілдері бірге ғұмыр кешетін.
Олардың арасында бестік, төрттік, үштік, екіліктер өмір сүретін. Заман өзгерді. Үкімет ақылдыларды ұнатпайтын болды. Сөйтіп күнделіктегі бестіктер мен төрттіктерге жоғары талап қойыла бастады.Олар көбеюі керек, не болмаса күнделіктен қуылады-мыс. Олар бұл қиыншылықтарға шыдамады, күнделікте ескі күндерде қалып қойды. Дегенмен қазіргі әңгіме менің бала шағымда есімде қалған күнделігімдегі оқиғаны айтудан басталады. Мен мектепте жақсы оқитын едім. Бірақ, бұл 7-ші сынып біткен соң тоқтады. Мен үштіктердің күнделікке көптеп қоныстанып жатқанын көрдім. Олардан не үшін келіп жатқанын сұрағанымда, олар бұл жер қолайлы, бізді қумашы деді. Неге?! Өйткені менің ата-анам менің үштіктеріме қалыпты қарайтын, ал басқа күнделіктер ол үшін балаға зиян шектіретін. Ал, жақсы.
Сөйтіп, бір күні олардың әңгімесін естіп қалдым. Күнделіктің бір бетіне көлденең орналасқан олар бір-біріне әңгімені зауғытып тұр. Сол әңгімені сендерге айтайын.
Үштік(физика): Біз осы жерде, бейбіт түрде тұрып жатырмыз, бәлкім, біз біреулерге соғыс ашармыз?
Үштік(математика): Кімге?!
Үштік(физика): Әлемге! Біз үшін балалар ұрыс естиді, бірақ шындығында біздің баланың тек қана оқуға түсуіне жарайтынымызды біле тұра жасайды. Бізді, бағаларды, олар бөліп жаратыны жаман ғой енді.
Олар сөйтіп әңгіме соғып жүргенде біз Қырғызстанға көшіп кеттік. Олар бір тәуліктей сөмкемде жатты. Сөйтіп, ол жердегі жергілікті мектепке түстім. Бірақ, бір қызық нәрсе болды. Бұнда 2,3 дейтін бағалар жақсы да, 5,4 дейтін бағалар төмен. Сол күннен мен ол жақта 3-ке оқи бастадым. Бір қызығы бұл жердегі қойылған үштіктерім ана үштіктерімнен өңдірек, сәндірек болды.Ол үштіктерім көк, қара пастамен өңсіз жазылып жүрсе, бұл үштіктерім қызыл пастамен, әдемі қорапшасы бар қаламмен жазылды. Олардың мерейі үстем. Бір күні күнделігімде шу шықты. Бұрынғы үштіктер мына үштіктерге мықты болып, жазу өшіретін дүниесін ерте келді. Басты талабы – мені Қазақстанға қайтару.
Мен оларға айттым: Мен енді осы елде оқу бітіргенше жүремін, үміттеріңді үзіңдер дедім. Олар ашуланып, олардың көзін құртты. Ата-анам ашуланғаны әлі есімде. Солай, күндер өтті. Бұрынғы үштіктер өткен күндерде қала берді, қала берді. Жаңа үштіктерде мереке. Оларға бұл қоныс ұнаған. Себебі бұл күнделік әдемі еді. Бір оқу жылы өтті. Келесі оқу жылы келе жатыр. Мен 11 бітіретін оқу жылы келе жатыр. Мына елге келгендегі үштіктердің қазір көңіл күйлері түсіп отыр. Себебі оларды кәуап астына жағуға тура кеп тұр. Олар маған айтады: бізді сақтап қойсаң қайтеді, біз осы жерде біздің алдымызда күнделік ішінде әлі күнге серуендеп еркін жүретін күнделіктер қатарынан орын алғымыз келеді.
– Әй, жарайды, бір армандарың орындалсын дедім де, оларды шарбағымдағы қораның бір жеріне тығып кеттім. Оларды сағынатын болдым, жақсы бағалар еді. Сөйтіп, жаңа күнделік алынды. Ол ерекше әдемі. Сыртында арыстан келбеті. Жаңа бағалар өздерін патшалық орында жүргендей сезінетін болды деп ойлап қоямын ішімнен. Сөйтіп, үйге қайтып келе жатып, тығып тастаған күнделігімді анамның тауып ап, жағып жатқанын көрдім. Сұмдық!
Бағаларыма ақырзаман орнапты деп білдім. Бұдан пайда жоқ еді. Маған бағаларым мөлдіреген көздерімен қарап, мәңгілікке жоқ болды. Солай, мен оларды ұмытпадым. Баға бар күнделіктерді өртемейік, сақтайық. Оларда бақытты өмір сүрсін дегім келеді.