Weekend
Оның бəрі не үшін?
Менің түсінігім де балаға бəрі болады. Өзім кішкентай кезімде шектеу көріп өстім. Анау болмайды, мынау болмайды.Жаңа төсекке жатпа,үлкен залға кірме, (үнемі есік жабық болады). Кешке далада жүрме,жарды сызба, обой-ды жыртпа, киімінді бүлдірме,жыртып алма, су кешпе жəне т.б. Сізге де таныс па? Солай өстік. Солай өскенім үшін де қазір алдыма шектеулер көп қоятын болыппын. Інілерім жарды сызып жатса оларға мен шектеу қоямын. Өйткені маған ата-анам солай шектеу қойған болатын. Мені қателіктерім үшін ата-анам ұрған болса, мен де інілерімді қателіктері үшін ұратын едім. Бірақ,қазір олай емес! Мен ол кездегі əке-шешенің тəрбиесі қате екенің түсіндім. Өте көп шектеу. Маған қойылған шектеулерді інілеріме де қойсам,онда олар да өскесін шектеліп қалады.Барынша еркін өскен дұрыс.Үнемі айтыла беретін "болмайды" сөзі алдымен сананы,кейін өзіңді толықтай құлыптап тастайды.Бұның бəрін кітап оқи келе түсініп жатырмын.Үйде доп теппе деудің өзі шектеу.Таза доп болса неге теппеске?.Біз бала күнімізде ашулансақ, əкеміз реминмен ұратын.Сізде білесіз оны.Рас қой.Олар түсінбейді,бізді ұрғаннан кейін біз ашуланатынымызды.Біреу сізді ұрмаса,ұрыспаса сіз ашуланасыз ба?.Егер "Жоқ" болса дұрыс ойлайсыз. Ал "Иә" болса дəрігерге қаралғаныңыз дұрыс.Баланы ұрғаннан кейін ашуланады,үнемі шектеу қойғаннан кейін шектеліп қарады.Луиза Хей -"Көгілдір"- кітабында "Сәбидің ашу білдіруіне тыйым салынады, шын мәнінде олардың бір нәрсені өзгертуге дәрменсіздігі құлақ ауруына әкеп соғады".-дейді.Жəне бала естігісі келмеген сөздерді үйде жиі тыңдауына да тура келеді.Бала мейірім,махаббатқа құштар болады.Жамандық атаулыны білмейді,ешнəрседен қорықпайды,бетке тура қарайды,жасқанбайды,күле салады,жылай салады.Сондай баланы жігерсіз,жасық,өтірікші,қорқақ қылатын ата-аналары.Қоғам.Бала бəріне қарап өседі.Біздің қоғамда бəрі болмайды,үйде де болмайды.Біздің балалар үшін қашан "болады"-сөзі қолданылады?.Қызыл түсті өшіріп, жасыл жағатын уақыт келген сияқты.Өзіміз шектелген соң баланы шектемеуге тырысу қажет.Бір парақшадан: "Мен балама берген көрімдікті тартып алмаймын" деп жазыпты.Өте дұрыс.Бала кезімізде ең ұнамайтыны саған тиесілі нəрсені біреу,мейлі ата-ана болсын тартып алғаны жайсыз сезім тудырады.Сонда сіз балаңыз ебедейсіз,қолындағы нəрсеге ие бола алмайды деп ойлайсыз ба?.Сіз олай ойламасаңызда,бала солай ойлайды.Əке-шешесі сенбеген бала өзіне-өзі қалай сенеді сонда?!Ойланып көріңіз.