Bugin
Вакцинаның екінші компонентін алған қайтыс болған Бақытжан Нұртазинның туыстары жедел жәрдемнің жұмысын сынады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Вакцина алған Бақытжан Нұртазиннің сол күні қан қысымы жоғары болған. Қарындасы Юлия Нұртазина мұндайда дәрігерлер вакцинаны неге еккенін түсінбей отыр.
"Бірінші я екінші вакцинациядан кейін оның қан қысымы 140-та 90 болды, яғни гипертония. Екпе Бақытжанның жүрегінде тромб жиналуына себеп болуы мүмкін еді. Екінші вакцинацияға ол 12:00-ге жазылды, бірақ 12:29-да анасына қоңырау шалып, үйге жетіп қалғанын айтқан. Ол емдеу бөлмесінде жарты сағат отырмаған. Сол жарты сағатта, ағам үйге келген соң дем алуы қатты қиындады, кеудесі қысылды. Ол анама ұйқысы келгенін айтып, жатты. Содан кейін шамамен бір сағаттан соң оянып, құса бастады.
Сағат 14.43-те Бақытжан құлап түсті, анам бірден жедел жәрдемге қоңырау шала бастады. Бірақ ол да тез келмеді. Анам жиырма минут бойы оған жүрек массажын жасап, жедел жәрдемге қоңырау шалып отырды. Соңғы қоңырау 15:05-те болды, ал 15.21-де анам жылап маған қоңырау шалды, бригада өлімді тіркегенін айтты. Біз Жароков пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында тұрамыз, ал ең жақын жедел жәрдем станциясы үш көше ары орналасқан. Оқиға демалыс күні болды, жедел жәрдем оны құтқаруға үлгерер еді", - дейді марқұмның қарындасы.
P.S. Осыған дейін алматылық тұрғынның вакцинадан кейін қайтыс болғаны туралы жазған едік.Өлім себебін анықтау үшін тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері қосымша хабарланады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін шығады.