Bugin
Күдікті Грузияда ұсталды. Грузияның прокуратурасының хабарлауынша, іс «зорлау» және «өзін-өзі өлтіру» баптары бойынша тергеліп жатыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жағдай Қазақстанның Грузиядағы елшілігінде ерекше бақылауға алынды.
Грузияның Тбилиси қаласында жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық әйелдің туысы Әсел Айтпаева туралы жаңа ақпарат берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
«Алғашында ол туысы – Мұраттың үйінде тұрған. Мен «Кімен араласып жүрсің, кіммен таныстың?» деп сұраған едім. Оның жанында Мұрат, Айдос, Тео есімді грузин қыз бен Бесо есімді грузин жігіт туралы айтып берді. Әсел олар туралы жақсы сөздер айтып жүрген», – дейді Әселдің туысы Айна Айтпаева.
«Грузиядағы көршілерінің айтуы бойынша, Әселмен бірге үйге екі грузин кірген. Бір адам инстаграмға «Менде ақпарат бар, туыстарымен байланыса аламын ба?» деп жазыпты. Мен оның WhatsApp нөміріне қоңырау шалдым. Ол Грузияда тұратынын және қызды біреудің терезеден итеріп жіберген видеосы бар екенін айтты», – дейді Айна Айтпаева.
Өлмес бұрын қыз құрбысына ұзақ аудио жазба жіберген. Аудиожазбада ер адам қызға сезімін білдіріп, оған қоқан-лоқы көрсеткен. Төменде сол әңгіменің диалогы:
– Мен ешкімнің қызметін қолданған жоқпын. Мен сізге өзімде барлығы бар деп бірден айттым емес пе?
– Қазір сенің үстіңе ыстық су құйып жіберемін.
– Не үшін? Қанша күннен бері мені алдап жүрсің? Қазір көз жасыңды төкпе! Мен жаныңда жүрмін. Жылама! Мен саған ғашық болып қалдым, – деген сөздер естілген аудиожазбада.
Жақындары қызды шетелге сатып жіберген деген нұсқаны да жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, қызға Грузияда жұмыс ұсынған туысы қазір Нұр-Сұлтанда тұрады.
«Аудиожазбада Бесо «Сен неге ешнәрсе айтпадың? Сол туысқаның сені екі күн бойы зорлады емес пе?» дейді. Құзырлы органдарға жүгініп, ата-анасы арыз жазды. Бірақ күдіктіні әңгімелесуге шақырып, артынша босатып жіберген», – дейді Айна Айтпаева.
Күдікті Грузияда ұсталды. Грузияның прокуратурасының хабарлауынша, іс «зорлау» және «өзін-өзі өлтіру» баптары бойынша тергеліп жатыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жағдай Қазақстанның Грузиядағы елшілігінде ерекше бақылауға алынды.
Айта кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі көп қабатты үйдің терезесінің түбінен табылды. Ол сәуірдің аяғында шетелге жұмыс істеуге кеткен. Туысы қызға Джорджия қаласынан жұмыс тауып берген. Әсел автокөліктерді ТМД елдеріне жеткізетін көлік компаниясына жұмысқа орналасқан. Олар Әселге үй жалдап, тіпті жүргізуші де беруге уәде етті.