Weekend

Смартфонда қатер бар

Соғым соймасақ та, смартфон алуға қаражат табамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 "Жиырма бірінші ғасыр қандай ғасыр?" деген сұрақ қойылса, бір ғана затты көрсете салуға болатын секілді. Ол сізбен біздің қалтамыздан түспейтін, жанымыздың ажырамас бөлігіне айналған — смартфон. Бір ғана ғасырдың тұтастай бет-бейнесі, келесі ғасыр ұрпағына өткеннен сыр шертер айнасы. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қолданады бұл құрылғыны. Біреу пайдасы үшін, екінші біреу уақыт өткізудің ермегі үшін. Әйтеуір, іске алғысыз емес, кәдеге жарап, пайдаға асып, қызметін көрсетіп жүр. Түрлі-түсті таңдай қақтыратын ерекше әлемімен талай пендені тәнті етіп-ақ келеді. Жылдан-жылға жаңарып, өзгеріп, әр түрлі үлгілері шығу үстінде. Соғым соймасақ та, смартфон алуға қаражат табатын жағдайға дейін жеткізді ғой бізді.

 Ананың әлдиімен ұйықтап, әженің қусыра ұстаған құшағында оянатын сәбилер, смартфонның әуенімен ұйықтап, үнімен оянатын күйге жетті. Ананың да, әженің де орынын алмастырды. Тағдыр басқа салғасын көніп келе жатырмыз. Алдағы болашақта не болары, қандай жағдайға тап боларымыз белгісіз. Егер көріпкелдігіміз ұстап, болашаққа болжам жасар болсақ, бір жауаптың шеті көрінетін сияқты. Ол смартфонға құл болған, сыртына қарап "пенде" деп атауға келінкірейтін бір қауымның болары. Ішті күйдіретін тұсы — ол қауым біздің ұрпағымыз. Қазір кішкене болып жүгіріп жүрген, бейқам алаңсыз бүлдіршіндер "смартқұл" деген лақап атты алары.

Ақиқатында ғалымдар белгілі бір құрылғыны ойлап тапқан да "халықтың пайдасы үшін" деген оймен жасап шығарады. Яғни күйбеңге толы өмір де, адамзаттың уақытын тиімді етуге арнайды. Технологиялық дамудың қарқынды жетілуінің арқасында телефон да жетіліп, арнайы бір деңгейге жетті. Бастапқы кезде сымсыз болып, бірақ пернелері болғаны белгілі. Кейін келе таза әйнекке (экранға) ауысты. Нағыз зауал шағы осы кезде басталды. Байланыс, хат-хабар алмасу үшін арналып шығарылған құрылғы күннен-күнге қарыштап дамып, түрлі қосымшаларды қабылдай алатын жағдайға дейін көтерілді. Әрі сыйымдылық жады да бұрынғыдан едәуір өсті. Сонымен қоса артықшылықтары да артты. Тек адамдардың дыбысын ғана естірте алатын құрылғы, бейне қоңырау дәрежесіне дейін дамыды. Бір сөзбен біз күтпеген көп өзгерістер болды. Қазіргі шағымызда осы игіліктердің бәрін көріп жатырмыз. Бірақ та "әттеген-ай" дейтін тұстарымыз жетерлік. Құба таңнан ымырт кешке дейін, қара түннен Шолпан жұлдыз туар сәтке дейін ұялының торына қамалғанбыз. Ерікіндігімізді, асыл уақытымызды бекерге жіберіп жатырмыз.

Уақыт тұрғысынан сөз қозғайтын болсақ; соңғы кездері адам баласына іліп алар пайдасы, тигізер көмегі жоқ, көптеген қосымшалар қаптап кетті. Әрине, бұл дегеніміз орны толмас өкініш шөбінің қылтиып келе жатқан басы ғана, бұдан сорақысы алдағы уақытта қылаң беретін секілді. Жастардың санасын улайтын көптеген ойын түрлері жаңбырдан кейін шығатын саңырауқұлақтай қаптауда. Жас балаға кері әсерін тигізетін, таза қалпын бұзатын ойындар көбеюде. Денсаулық жағынан көзге, өзге де дене мүшелердің дамуына кері ықпалын тигізері анық. Ал сана жағынан, ақыл-ой жағынан әкелер зардабы орасан зор. Жастайынан үрей мен адам қинауға дәріптейтін ойындарды ойнаған баланың жүйке жүйесі бұзылып, ойы өзгерері белгілі. Және де ең сорақысы; қорқынышты фильмдер де тігісін жатқызып көрсетілетін зпизодтар ап-айқын көрсетулі. Бұл жақсылыққа бастамасы анық. Қазақ ұғымына кереғар келері даусыз. Саналы ұрпақ тәрбиелеу әрбір ата-ананың басты міндеті һәм парызы. Орны толмас өкінішке ұласпау үшін қазірден бастап қамдану қажет. Себебі бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің тірегі, ұлттың сенімін ақтар азматтары мен азаматшалары. Қазірден бастап жамандыққа тәрбиелейтін ойындарға тиым салсақ, болашақта өкінбейтіндей, уайым жемейтіндей өмір сүреміз. Ал тоқтау сала алмасақ ақыр аяғы неге апарып соғары белгісіз... Ойлаудың өзі қорқынышты...