Ежелгі қаланың бүгінгі бейнесі

Жақында ғана "Түркі әлемінің астанасы" атанған көне Түркістан қаласының бүгінде келбеті сөз жетпестей көрікке ие.Үш жыл бұрын Түркістан облысының орталығы болып жарияланған шаһар бүгінде қарасаң көзің тоймайтын жанға жайлы мекенге айналды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ежелгі қаладағы өзгерістерді көріп,қаланың адам танымастай өзгергенін байқайсыз.Қала аумағы түгел дерлік өзгеріске ұшыраған.Жаңарған қаланы көруге жер-жерден саясатшылар келіп,көне қаланың кереметтілігіне таңдай қағып жүр.
           Қалада әсем де,биік ғимараттар бой көтеріп,көше бойы гүлзарлармен ажарланып,жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп қала бейнесінің шырайы артты.Бүгінде Түркістанның айрықша көз тартар ғимараттары салынып,аяқталып қолданысқа берілуде.Республикамыздағы өңірлердің қалаға тарту еткен,нақтырақ айтқанда- Атракционды саябақ,"Нұр-Сұлтан"алаңы,"Алатау"медиа орталығы,Ғылыми-әмбебап кітапхана,"Ұлы дала елі" орталығы,Әуенді субұрқақ,Неке сарайы мен Амфитеатр,Қазақ драма театры сынды жаңа ғимараттар келбетті қалаға көрік қосып тұр.

            Түркістан қаласындағы Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-Сарай» туристік кешені туралы да айта өткеніміз жөн. Алыстан бұл алып кешен қала орталығындағы құмды қабырғаға ұқсайды.Кешенде Жібек жолы дәуіріндегі көпестер мен қолөнершілер көшесі, театр, ат спорты шоуына арналған амфитеатр, шығыс базар, сауда орталықтары мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА мен фитнес орталығы, кинотеатр бар.  Кешеннің ортасында кеме, гондолалар мен жағажайлары бар су арнасы өтеді.
⠀          Қалада бірін-бірі қайталамайтын саябақтар да көбейіп келеді.Қаланы көгалдандыру бойынша жасалған суландыру жүйесі де жетіліп келеді.Ол шіліңгір шілде кезі  мен ыстық ауа райында қалаға су жеткізу үшін маңызды болмақ.

             Түркістан қаласы - тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы. Қала күн санап көркейіп келеді. Түркістан исі мұсылман елдері үшін ғана емес, дүниежүзі халқы үшін де қадірлі мекенге айналған. Мұнда жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірі мен еліміздің әр аймағынан 700 мыңнан астам адам келеді. Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған. Түркістандағы ірі әлеуметтік жобаны басым көпшілігі туристік саланы дамытумен байланысты.