Саясат
Америка әскерінің Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы құрамындағы елдерде пайда болуы аймақта хаос тудырмақ.
"Мәскеуде Ресей мен Тәжікстанның президенттері Владимир Путин мен Эмомали Рахмонның бірлескен келіссіөздері өтті. Басты мәселенің бірі ретінде Орталық Азияның қауіпсіздігі талқыланды. Бұған АҚШ-тың өз әскерін Ауғанстаннан шығаруы түрткі болды. Себебі Вашингтон Ауғанстаннан әскерін толық шығарып алған соң оны Тәжікстан мен Өзбекстанға көшіруді тиімді деп қарастыруы үрей тудыруда.
2020 жылғы келісім шарт бойынша АҚШ өз әскерін 2021 жылғы 1 мамырға дейін Ауғанстаннан толық шығарып алуы тиіс еді. Алайда бұл іс-шаралар 2021 жылғы 11 қыркүйекке шегерілді. Осыған қарағанда АҚШ бұл аймақтан кетуге асығатын емес. Сонымен қатар Орталық Азияны, оның ішінде Тәжікстан мен Өзбекстанды әскери базасын орналастыру үшін жаңа әрі тиімді аймақ ретінде қарастыруда. Бұл жөнінде Wall Street Journal баспасы өздерінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған еді," - деп жазады Виктория Панфилова (Независимая газета).
Америкалық басылымның тұжырымдауы бойынша АҚШ өз әскерін Тәжікстан мен Өзбекстанға орналастырса, Ауғанстандағы жағдайға шұғыл әсер етуіне мүмкіндік болады екен. Алайда бұл аймақтағы Ресейдің мықты қарулы күші мен Қытайдың ықпалы және осы елдердің АҚШ-пен арадағы шиеленіскен қарым-қатынастары АҚШ-тың жоспарына кедергілер келтіруде. Атап айтсақ, Ресейдің 201-ші әскери базасын Тәжікстанда орналасқан және Ресей оны күшейту үшін бірқатар шараларды атқарып жатыр. Алайда, Тәжікстан 2019 жылға дейін АҚШ-тың тарапынан қаржылай және әскери көмек алып тұрғаннын да естен шығармау керек. Осы тұрғыда Этно-ұлттық стратегиялар агенттігінің директоры профессор Александр Кобринский: " Аймақта АҚШ-тың әскери базасы пайда болса, ол тек Орталық Азия үшін емес, сонымен қатар Ресей үшін де өте қауіпті болмақ. Әзірге АҚШ тарапынан аталған екі елге ресми сұраныс жасаған жоқ. Дегенмен Ресей кез келген жағдайға дайын болуы тиіс",- деді.
Қазақстан да Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының құрамына енетіндіктен, аталған елдермен көршілес болғандықтан, бұл мәселе еліміздің саяси жағдайына, аумақтық ахуалына және халықтың қауіпсіздігіне әсер етпей қоймайтыны анық.