Білім және ғылым

Копирайтинг туралы сіз білуіңіз керек барлық ақпар: Роберт Блай кітабы бойынша

Ауызыңды ашпай-ақ сату. Осы сөзді бұрын соңды естіп көріп пе едіңіз? Ол копирайтинг. Яғни,  мақсаты мәтін арқылы сатылымды көбейту. Копирайтинг саласында өз ісінің эксперті Роберт Блай " The Copywriter's Handbook: A Step-By-Step Guide To Writing Copy That Sells" кітабында әрбір копирайтер білуі керек маңызды идеяларды айтып өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дизайнерлерде «Ең әдемі дизайн – қарапайым дизайн» деген сөз бар. Сол сияқты копирайтерде «Әдемі сөз – адамға түсінікті, қарапайым сөз» деген бар екен. Қазір адам назарын алу қиынның қиыны. 

Attention. Адам назарын копирайтерлер тақырып қою арқылы алады. Кітапта оның 38 түрі бар. Қиналып, идея жоқ, шабытым жоқ демейсің. Тақырыптағы элементті алып, салаңа байланысты жаза бересің.

Start writing to people. Адамға арнап жазу. Егер жазуыңды 5 жастағы бала түсінсе, демек барлығы түсінеді.

Use short sentence. Мәтін жазғанда 14-15 сөз жеткілікті. 40 сөзден асса (unreadable) оқылмайды. Егер сөйлем күрделі екі сөйлем болса, оны екі жай сөйлемге айналдырамыз.

Сиг Розенблюм  «Жақсы жазудың белгісі өзің туралы айтпа. Оқырманға не істегеніңді, қандай жетістікке жеткеніңді емес, оған маңызды нәрсе жазу. Яғни аудиторияң не оқығысы келеді. Соны жазу.

Копирайтингтегі жазудың 3 формуласы:

  1. AIDA. Аttention, interest, desire, action. Бірінші назарын аударту. Екінші оқырманды қызықтыру. Кейін оның өнімді сатып алуға ынтасын ашу. Соңында оны қандай бір әрекетке шақыру. Мысалы, қызметті не өнімге тапсырыс беруге итермелеу.
  2. ACCA. Awareness, сomprehension, сonviction, аction. Оқырманға өнімнің бар екенін хабардар ету, оның адамға не үшін керек екенін жазу, осыны түсінген соң сатып алуға шешім қабылдату. Соңы әрекет етуге шақыру.
  3. 4 P’s: рicture, рromise, рrove, рush. Миға өнім не қызметті алғандағы күйін миына визуалдап эмоция тілінде жазу. Екіншісі уәде беру. Өмірін жақсы жаққа өзгертетіне уәде беру. "Prove" деген дәлел. Клиентте қорқыныш, сенімсіздік болуы мүмкін. Оған кейстермен, нақты фактілермен жауап бересіз. Питч. Соңында идеальный ұсыныс жазасыз.

Әлемдегі табысты бизнесмендер – өзінің клиентін жақсы білетіндер. Сол сияқты копирайтерлер де өз аудиториясын білуі керек.

Соңғы ең мықты нәрсе ол сенің өніміңді не үшін алады? Қандай пайда алады? Мысалы сізде киім дүкені бар делік. Сіз не сатасыз? Әрине киім, бірақ құндылығы сіз адамға сенімділік сатасыз. Осыны түсінсеңіз сізге мәтін арқылы сату түк қиын емес. Төменде ең жиі қолданылатын құндылықтар:

- Сүйікті болу;

- Бағалану;

- Дұрыс болу;

- Маңызды болу;

- Табыс табу;

- Ақша үнемдеу;

- Уақыт үнемдеу;

- Жұмысты оңайлату;

- Қауіпсіздік;

- Әдемі болу;

- Сымбатты дене бітімі;

- Комфорт;

- Ерекше болуды;

- Бақытты болу;

- Көңілді болу;

- Білімді болу;

- Дені сау адам болу;

- Қызығушылықты арттыру;

- Ыңғайлы;

- Батыл болу;

- Кінәсіз болу;

Бұл кітаптың басы ғана. Кіріспесі нағыз идеяға толған информация. Бүкіл структурамен көрсетеді. Оқып отырып, жазуға бір талант немесе журналист болудың қажеті жоқ екенін түсінесің.

Жазуға идеялар:

Сұрақ. Тақырыпты сұрақпен бастап, оған жауап беру.

Quiz. Мұны стористе қолдануға болады. Оларға тест беру арқылы соңында аудиторияң туралы көп ақпарат аласың.

Не үшін? Неге? Сұрағына жауап беру.

Кейін және дейін. Сіздің қызметті қолданудың алдындағы және кейінгі нәтижесі.

Сәтті кейс. Сіздің өніміңіз не қызметіңізді алған адамның проблемасын шешіп бергеніңіз.

Сторителлинг. Бұл енді копирайтинг атасы деуге болады.