Weekend
Алматыда конференция өтті
Алтайдан Анадолыға, Балатоннан Байқалға, Кавказдан Қаратауға дейінгі ұлан-ғайыр жерде шарлап, ұлы мұралар жинаған, Ұлы дала мәдениетімен тікелей аты астасып жатқан Иштван Қоңыр Мандокидің еңбектері бүгінгі ұрпаққа телегей теңіз білім екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Түрколог әрі қыпшақтанушы Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына 75 жыл толуына орай Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала және Мандоки мирасы» атты конферениця өтті. Аталмыш жиынғаTWESCOтөрағасы Дархан Қырыдәлі, Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Бараны, ғалымның жары Оңайша Мақсұмқызы, Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Ференц Блаумен және АҚШ, Ресей, Қырғызстан мен қазақстандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері бас қосты.
Ғалымның мұраларын сақтау, олардың жарыққа шығуына Халықаралық Түркі академиясының қосқан үлесі көп. Мәселен, 16 мың кітаптан тұратын ғалымның жеке кітап қоры Академия кітапханасында сақтаулы тұр.TWESCOжыл сайын ғалымды еске алу, есімін ұлықтау шараларын жасап келеді.
Конференцияда сөз алған қонақтар мен ғалымдар Иштван Қоңыр Мандоки жайлы ойларын, зерттеу еңбектерін ұсынды. Соның ішінде Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Бараны: «Қоңыр ағамыздың атын айтсақ, оның түркітану ғылымының дамуына зор үлес қосқан зерттеулері ғана емес, сондай-ақ түркітілдес халықтардың біртұтастығын, олардың арасындағы байланыстардың нығаюын, мәдениеттерінің және тілдерінің еркін түрде дамуын армандайтын тұлғаның кейпі көз алдымызға келеді. Әсіресе қазақ тілінің өркендеуіне ерекше мән берген Қоңыр Мандоки тек мажар мен қазақтың ғана емес, дүние жүзіндегі бүкіл түркітілдес елдердің арасындағы бауырлық қарым-қатынастардың символына айналды. Дүниеден ерте қайтса да өзі армандаған қазақ елінің тәуелсіздігін көрді. Қазақстан сол тәуелсіздіктің арқасында Еуразия құрлығына, әлемге танымал, беделі жоғары елге айналды. Сондықтан Халықаралық Түркі академиясының штаб-пәтері Ұлы даланың жүрегі – Астана қаласында орналасқаны кездейсоқ емес. Ал академия қабырғасынан Мандоки кітапханасы ашылғаннан кейін Түркі академиясын Мажарстанның бір бөлігі орналасқан жер деп санаймыз»,-деп пікір білдірді.
Ғалымдардың ішінде америкалық Юлай Шамилоғлу Мандокиді «ХХІ ғасырдың Радловы» деп атауға лайық тұлға деп бағасын да берді. Ғалымның бұлай деп баға беруіне Мандокидің әлі де зерттелмеген мұралары негіз болып отыр. Олардың бас-аяғын біріктірсе 30 тоға татитын еңбек болары анық. Демек, түркі мұрасын түгендеуге Мандокидің алдына түсер тұлға өте сирек.
Жиынға қатысқан РФ ҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл, әдебиет зерттеу институтының жетекшісі, профессор Фирдаус Хисамитдинова Мандоки мұраларын түркі дүниесінің гүлденуі жолында пайдалану керек екендігін айтты.«Мандокидың тарихтағы бейнесі жылдар өткен сайын тұлғалана береді. Асқақ рухы тұтас түркі халықтарын кезіп жүргендей әсерге қалдырады»,-деді ғалым.
Ал, ғалымынң жары Оңайша Мақсұмқызы Мандокидің арман-аңсары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған ойларман үндесетінін айтты. «Қазақ халқы өзінің дара перзенті, қыпшақ ұлы Қоңырды ұмытпағанына мен өте қуаныштымын. Ол қазақ жұртын ерекше сүйді. Қазақтың бай әдеп-ғұрпын, тарихын, мәдениетін өте жетік білді.Соны сыйлағандықтан қазаққа ғашық болды»,-деді ол.