Қоғам

2zaq: Неге қатын сөзі еркекке жат?!

21 ғасырда *қатын сөзі тек әйелге арналатын сөз.Ал еркектерге бұл сөз қорлау,қызтеке сөздерімен синоним.Деген мен,бұл сөзді мен Еркекке де қолдануылын сұраймын.Бұның себептері бар.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұның айтуымның бір себебі Қазақ тілінде кей аймақтарда аға,әке сөзінің орнына тәте тіркесі қолданылады.Бұл әйел заты атауларын ер адамға қоюға қазақ халқында бұрыннан бар практика ретінде қарастырса болады.

Тағы бір себеп қатын сөзінің негізгі мағынасы құтым дегенді білдіреді.Күлтегін қаған жазуларында осындай сөз бар:Тәңірі жарылқағандықтан,Өзімнің құтым болғандықтан,Қаған болдым деген жолдар.Бұл дәлелденген нәрсе болмаса да,ойланатын дүние.Ал құт кімде бар,сол адамды құтым деуге дәйек бар емес пе?!

Бұл нәрселерді мен не үшін айтамын?!

Себебі қоғамда қыз баласы келін боп табан аттағаннан,оның пікірін айтқызбастан,бәрі қатын деуге көшеді.Қатын сөзін қанша құтым деп,осылай айтайық дегенмен бұл сөз көнерген,қазіргі қоғамға тым ескірген сөз.Бұл көнерген мақал сияқты,көнерген мақалдарда қоғамға зиянын тигізеді.Жігіттер құт сөзін өздеріне не үшін аяйды?

Егер ол жақсы болса...

Әйел сөзінің мағынасы парсы тілінен аударылғанда жұбайым деп аударылады,ал жезөкше парсы тілінде Фахиша деп аударылады.  

Қорытындылай келе айтар ойымыз егер баяғы қазақ тілін зерттейтін болсақ,көптеген терминдерді табамыз.Бірақ ғылым бізге тек қатын сөзін тауып беруге жарады,себебі бұл былайынша айтқанда патриархалдық санасын сусындыру негізінде келгеніне сенімдімін.Себебі бұл сөз әйелдер үшін сүйкімсіз сөз.