Bugin

Қазіргі қазақ баспасөзіндегі этика мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист маманы ең алдымен тұлға ретінде өзін әдепті ұстауы керек. Өзі зерттеуге алған жағдайға байланысты матариал дайындау барысында жеке ұстанымын жұмыспен араластырмауы тиіс. Журналист халыққа нақты, дәлелді, шындыққа негізделген ақпарат беру арқылы баспасөздің және өз беделін көтере алады. Қазіргі заман уақыт талабына сай әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жаңа даму жолына түсті. Қоғамдағы қанай мамандық болмасын этикалық норманы сақтағаны абзал. Жалпы ақпарат ағынына үздіксіз қосылған жаңалықтардың барлығын тексеріп, қателігі бар этикалық норманы сақтамаған ақпараттарға тосқауыл қою да мүмкін емес. Себебі, әлеуметтік желінің өзі жаңалықтарды ресми ақпарт құралдарынан жылдам беріп үлгереді. Мұнда, ақпарттық сүзгі, цензура болмайды. Көрермен, оқырман, тыңдарман ақпарат қалай берілді, солай қабылдайды.  

Қазіргі қазақ тілді БАҚ-ты мерзімді баспасөз(газет, журнал), телеарна, радио, және интернет журналистика (сайт, портал, ақпарат агенттіктері) деген топтарға бөлуге болады. 2012 жылы 30 қазан Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі қабылданды. Ресми құжатта көрсетілген 8 бөлім бойынша журналист мамандар қызмет атқарады. 

Менің ойымша ақпарат саласы уақыт ағынымен қанша жоғары жетістікке жетсе де мерзімді басылымдардың орны ерекше болып қала бермек. Газет оқитын оқырман өз пікірін тыңдаушыға көркем етіп жеткізіп бере алады. Отандық медианарыққа тоқтаусыз ақпарттар келіп топтасып, өз арнасын тауып жатыр. Бірақ, осы келген ақпараттың барлығын өзімізге сіңіре берсек өрескел қателік болады. Сондықтан ұлттықжурналистикадағы өз болмысымызды берік сақтауымыз керек. Ол үшін, республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі»,«Айқын» және халықаралық «Түркістан» газеттерінің дамуына жағдай жасап, жас журналистердің қалыптасуына, біліктілігін арттыруға мүмкінідк жасалуы орынды. 

Отандық баспасөзде журналистік этика тікелей эфирде өтетін ток-шоулар мен интернет журналистика жиі бұзылады. Атап айтсақ, «Астарлы ақиқат»,  «Өз ойым», «Қалаулым», «Бір болайық», «Кел татуласайық» және тағы басқа бағдарламаларда кездеседі. Интернет журналистикада рейтинг қуған және көрілім санын ұлғайтуды мақсат еткен сайттар сан түрлі тақырыптарды қояды. Жеке адамның басына қатысты, өнер, саясат, бизнес және түрлі салада жүрген азаматтардың жеке басына қатысты ақпараттарды жариялайды. Баспасөз саласы болашақ қазақ тілінің дамуына зор үлес қосады. Қазақ тілінің дамуы әр тіл қолданушысы мен баспасөз саласындағы журналистердің қызметіне байланысты болады.