Bugin
Абайдың өмірі қандай болды? Аға-інілеріне жауыз, халыққа жанышыр болуына не себеп? Әкесі Құнанбаймен қарым-қатынасы және арасындағы дау. Неліктен орыс тілі мен өнерін алдыға тартып, орысшада болашақ барын айтты. Жастарға қалдырған өсиеті және тағы басқа да қызықты сұрақтардың жауабы осы мақалада.
Жалпы қазіргі заман жастары тек Абайдын барын, азын-аулақ шала жатталған өлеңдерің ғана еске алады. Арасынан тіпті «Абай ұлы тұлға емес» деп әлемге жар салып жатқандар да бар. Бұл жастардың деградацияға ұшырағаны. Абайдың өмірбаянымен таныс болмай, абайды зерттемей, мұңдай пікір айту орынсыз. Абаймен толық таныс болу үшін, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романың кез-кезген адамға оқуға кеңес беремін. Абайды Абай еткен Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай демекші бұл роман-эпопеяның тәрбиелік мәні зор, бір деммен оқылатын туындылардың бірі.
Абай – ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізің қалаушы, композитор, философ, аудармашы, саяси қайраткер. Бала кезінен білімге жақын, ізденуге құштар, ойыннан гөрі бос уақытын кітап оқуға жұмсайтын Абай, қасындағы құрдастарымен салыстырғанда өте зерек болып өсті. Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Оқу десе ішкен асын жерге қоятын Абайды әкесі табықты руынын басшысы кылу мақсатында ауылға алып келеді. Дегенмен оның басшылығы көпке созылмады. Кез-келген мәселеге аса назар аударып, әділ және адал шешетін Абай қарапайым халықтын құрметтісі болып, қасындағы билікте тұрған, байлық үшін еш нәрседен тайынбайтын туыстары үшін жауыз адамға айналды. Себебі, халық жақтаушысы болған Абай, аға-інілері, туған-туыстарының халықты тонауына кедергі болатын. Ресей билігіне Абай тұрғанда, басқа ешкімнің сөзі өтпейтін еді. Кез-келген дауды әділетті шешіп, шындықты ғана алдыға тартатын.
Абай мен әкесі Құнанбай арасындағы қарым-қатынас та бір әңгіме. Осы жайында сөз қозғасақ. Әкесі баласының ақын, жазушы болғанына түбегейлі қарсылық танытты. Ал Абай билік өкілі болуды қаламады, ол ақындық жолдың жолаушысы болуды көздеді. Әкесінің қаттылығы көп жағдайда Абайға дұрыс ой түйюге мүмкіндік берді. Тіпті кей-кезде әке мен бала араындағы дауда орын алатын. Оның бірі мынау:
– Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.
Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді.
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам.
Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.
Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...
Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді.
Абай әрқашанда өсіп келе жатқан жаңа буынға болсын, дос-құрдас, туыс, жақындарынын барлығына «орыс тілін оқындар, өнерімен танысындар» деп ақыл айтатын. Оны біреу қолдаса, біреулер діннен безген, орысшыл деп айып та тақты. Дегенмен бұл тақырып әлі күнге дейін актуалды секілді. Ия, қазір орыс тілінде сайрап, қазақшаға келгенде кірпіш жұтқан жастарымыз көп. Жастарды қойшы, депутаттардында аузынан қазақшасы шықса, барлық желіні күлкіге қарық қылады. Алайда Абайдын орысшаны үйреніндер дегендегі түпкі мақсаты қазақ тілін ұмыту емес, қайта орыстан білім алып, өнерін үйрену. Себебі ол кездегі заман қазақтын бодандықта болу кезі және тек орыс тілін білген, сауатты қазақ қана орыспен тең болып, күш сынаса алатын еді. «Абай жолы» романын оқитын болсақ, онда Абай билік басында отырмасада, өзінің білімділігінің, жан-жақты болуынын арқасында кез-келген мәселені шешіп, билікте отырған орыс болсын, қазақ болсын, ешқайссы да қарсы сөз таба алмайтын. Сол үшінде Абай атамыз қазіргі өскелен үрпаққа жан-жақты болындар, біліндер, үйреніндер, оқындар, тоқындар, ізденіндер деп ақыл қалдырды. Бұл тек орыс тілі мен өнеріне қатысты емес, Абай атамыз жалпы қазақ халқынын сауатты болуын қалады және сауатты болуына әрекет жасады.
Қорытындылай келе, жалпы Абай, қазақты біліммен таныстырған, сауаттылыққа үйреткен алғашқы қоғам қайраткері. Оның әрбір жазып қалдырған өлендері мен қара сөздері үлкен тарих. Өмірі түрлі қауіп-қатер мен қиындықтан құралған адамның сынбай қарсы тұруы, күшке сенген заманды біліммен жеңгені, Қазақ халқына деген жанашырлығы, білімге құштар жастардын көп болуын қалаған Абайды осыдан кейін ұлы тұлға демеуге не себеп?