Лайфхактар

Аида Балабаева: "Комиссия құрып, тарихты қайта зерттейміз"

Аида Балабаева жас тарихшылармен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жас тарихшылармен кездесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ruh.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Іс-шара «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде «Тарихи сана – Тәуелсіздіктің рухани тұғыры» тақырыбында өтіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық тарихы бойынша зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.

Кездесуге жас тарихшылар мен ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссияның өкілдері, ғылыми-зерттеу орталықтарының, мұрағаттар мен музейлердің қызметкерлері қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспарына сәйкес мамыр айы «Ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» тақырыбымен өтуде. Бұл биыл 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне ерекше мән береді», – деді.

Министр, өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен 1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтілетінін еске салды.

Министр, бүгін Қазақстанда тарихымыздың жекелеген кезеңдерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік бар екенін атап өтті және тарихшылардың жас буынын осы бағытта академиялық жұмыстар жасауға шақырды. Кездесуге қатысушылар Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихты объективті зерттеуге, нақты фактілерді білуге және оларды қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік туындағанын атап өтті. Іс-шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Бейсенбаев, тарихшы ғалымдар М. Қозыбаева, К. Батталов, М.Жылгелдинов, Х.Маслов және т. б. сөз сөйледі.

Кездесу тақырыбын талқылау барысында Аида Балаева: «Қазақ халқының 20-30 жылдардағы тарихының қаралы беттерін зерделеу, большевиктердің қылмыстары туралы ақиқатты ашу қандай да бір басқа халыққа қарсы бағытталған іс-әрекет ретінде қарастырылмауы тиіс. Алайда, тарих барлық халықтарды өткеннің қайғылы қателіктерін қайталамауға үйретіп, ескертуі керек. Әсіресе, өскелең ұрпақты тарихымыздың ақиқатына қаншалықты ащы болса да үйретуіміз қажет. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Енді тарихи құжаттарды зерделеп, нақты деректерге негізделген сенімді зерттеу жүргізілетініне сенімдімін», – деп атап өтті.