Білім және ғылым

"Енді директорлар қабылдамайды". Асхат Аймағамбетов мектептегі жемқорлық туралы айтты

Білім және ғылым министрі Аймағамбетов мұғалімді жұмысқа қабылдар кезде пара алатын мектеп директорлары туралы айтты деп хабарлайды Bugin.kz платформасы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Министрдің айтуынша, пара алуға шектеу қою үшін заңға нормалар енгізіліп, оның орындалуын қатаң бақылауға алған. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Antikor онлайн-сұхбаты барысында мәлімдеді.

"Әртүрлі алып-қашпа сөз бар, бірақ оны алып-қашпа сөз дейміз бе, келісеміз бе, келіспейміз бе, шындықты бәріміз білеміз. Өмірде қандай жағдайлар болып жатқанын көріп жүрміз, сондықтан, ондай мәселелердің, тәуекелдердің барын мойындауымыз керек және біз оны білеміз. Білгеннен кейін арнайы нормаға бастамашы болып, заңнамаға енгіздік. Бұл қандай норма? Бұрын әр мектептің басшысы мұғалімді жұмысқа қабылдағанда өзі жеке, дербес шешім қабылдайтын. Өзі шешім қабылдаудың өзі үлкен тәуекел болып саналатын. Мектеп директоры өзі шешім қабылдап, мұғалімді жұмысқа алу үшін оның нақты критерийлері болу керек. Сондықтан, осы тәуекелдердің алдын алу үшін заңнамаға өзгеріс енгіздік", - деді Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов енді мектепке тұратын қызметкерлер директордың арқылы емес, арнайы конкурстар арқылы қабылданатын болады.

"Енді директорлар қабылдамайды, конкурспен қабылданады. Сонда мысалы, бір бос орын болса тиісті жарнама беріліп, нақты жалақысы, міндеті мен мақсаты қандай, бәрі жазылады. Сол хабарлама бойынша үміткерлер құжатын тапсырады және барлығы ашық болуы үшін құжаттар электронды нұсқада қабылданады. Осыдан кейін тиісті комиссия шешім қабылдайды, осылайша мектепке ең мықты, ең білікті, ең білімді мұғалімдер келуі керек. Осы норма орындалу үшін қазір министрлікте тиісті бұйрық дайындалып жатыр, шамамен екі аптаның ішінде қол қоямын", - деді министр Аймағамбетов.