МӘДЕНИЕТ
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты ағымдағы жылдың I тоқсанында "Қазақстан Республикасы жағдайындағы қайырымдылық жүйесі" талдамалық баяндамасын дайындады
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес қазақстандықтар қайырымдылық қызметінде өте белсенді. Азаматтардың көпшілігі (54,4%) қайырымдылыққа оң көзқараспен қарайды және мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Baribar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
КИОР аналитикалық баяндамасында қазақстандықтардың басым бөлігі (46,9%) қайырымдылықты көмектің кез келген өтеусіз нысаны ретінде түсінетіні атап өтілген. Әлеуметтік зерттеу нәтижелерін талдау барысында қазақстандықтар арасында қайырымдылықтың басым нысандарының топ-3 рейтингі қалыптасты. Рейтингті жетім балалар, оның ішінде ауыр науқастар мен мүгедек балалар бастайды (44,1%).
Қайырымдылық жасаушылар ақшалай қаражатты тікелей мұқтаж адамдарға беруді жөн көреді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, мұндай азаматтардың орташа саны 35,2% - ды құрайды. Көпшілік, атап айтқанда 45,9% - ы, әр адам өзінің мүмкіндігіне қарай қайырымдылықпен айналысуы керек екеніне сенімді.
Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қайырымдылықты институттандыру және осы сектордың тұрақты инфрақұрылымын құру жөнінде ұсынымдар берілді.