Bugin event
Алматыда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Тұрғын оқиға орнында көз жұмды
Бұл туралы Bugin.kz платформасы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.
"Полиция қызметкері Hyundai Elantra қызметтік көлігімен Өтемісұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Күтпеген жерден екінші автокөлікпен соқтығысудан қашқан полицей маневр жасап, көлік жуатын орынның шығыс жағына шығып кеткен. Онда ол жаяу жүргіншіні, сондай-ақ тұрақта тұрған "Газель" көлігін қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші қаза болды", - деді Алматы ПД өкілі.
Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр