Bugin
Шымкенттегі «Казмедприбор» ЖШС кәсіпорнында өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Казмедприбор» ЖШС кәсіпорны күн сайын 20 өкпені жасанды желдететін аппаратын шығарады.
Медициналық құрал-жабдық шығаратын кәсіпорын медициналық жиһаздар мен көліктер шығарумен де айналысады. 2005 жылы құрылған мекеме Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жыл басынан «120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.
Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.