Bugin
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылының тұрғыны өз әрекетіне жауап берді. Ауылдағы мектепте химия-биология пәнінің мұғалімі қызметін атқаратын Аида Ақберліқызы ағасының мәйітін 7 ай бойы сақтау себебін түсіндірді. Бұл туралы ол КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты.
- Ешкімге айта алмаған себебім, нағашымды қимадым. Қаңтар айының 19-20ларына айттым. Өзімнің қолыммен істеген соң бәрібір менен көреді ғой. Мен істесем де, басқа біреу істесе де бәрібір менен көреді ғой деген ойда болдым. Сосын облыстық ДП-ға барып өзім мойындадым - деді Аида Ақберліқызы.