Bugin

Он жылдан кейін «жасанды күн» пайда болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың «жасанды күні» он жылдан кейін ұшыруға дайын болмақ. Егер ел үкіметі жобаны қолдаса Қытайлық ғалымдар «жасанды күнмен» жұмысты 10 жылда аяқтауға уәде берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.  

Жасанды күн - үлкен энергия өндіретін термоядролық реактор. Инженерлердің идеясы бойынша оның көмегімен қалалар мен кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Бұл құрылымды China Future Engineering жобалап салған және қазіргі таңда мемлекеттік қолдауды күтуде. Осылайша, қытайлық «жасанды күн» 2030 жылдардың басына дейін электр энергиясын бере алады. 

Еске салайық, реактордың тарихы 2019 жылы басталған болатын. Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) жыл соңына дейін халық арасында «жасанды күн» деп аталатын HL-2M Tokamak қондырғысын салуды жоспарлап отырғанын жариялаған еді.  

Токамак - магнитті плазмалық қамауға арналған тороидальды құрылғы. Оның мақсаты - термоядролық синтезді болжамды бақылауға мүмкіндік беретін қажетті жағдайды құру. Бұл құрылғының идеясы - басқарылатын термоядролық синтез арқылы таза әрі сарқылмайтын энергия алу. 

Бұл нысан 1950 жылдардан бері салынған токамактардың ішіндегі ең үлкені болуы керек. Ол энергияның жеткілікті мөлшерін өндіруге қабілетті, жақсы жұмыс істейтін термоядролық реактор ретінде құрылады. Оған сұраныс жыл сайын артып келеді. 

Жобаның қазіргі құны 22 миллиард еуродан асады. Ал 2030 жылдары орын алатын іске қосылу сәтіне жалпы шығын көлемі кемінде 65 миллиард еуроны құрайды. 

Осы ретте Токамак қалай жұмыс істейді деген сауал туындайды. Орнатылған қондырғы ішінде плазма бұрын-соңды болмаған температураға дейін қызады. Негізінде, металл қабырға жүздеген миллион градус температураға төтеп бере алмайды. Алайда қуатты электромагниттік өріс мұны істей алады. Қыздырылған плазма сыртқы тороидальды және ішкі полоидты ток өрісінде ұсталады. 

Электр тогы бір мезгілде плазманы жылытуды да, оны вакуумдық ортада тепе-теңдік күйде ұстауды да қамтамасыз етеді. Жалғыз қиындық шектеулі кеңістікте реакцияны ұстау ұзақтығында. Жақында Орта Корольдікте шығарылған жаңа HL-2M Токамак 150 миллион градусқа дейін қыздырылған плазманы 10 секундтан артық емес тепе-теңдікте ұстауға қабілетті.