Саясат

Қазақстан саудасы құлдырап бара ма?

Қазақстан саудасында қандай проблемалар бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Геосаяси бәсекелестік, экономикалық теңсіздік, сауда-саттықтағы баланстың жоқтығы, климаттың өзгеруі және демократияның құлдырауы-бұл проблемалар адамзат үшін басты қатерлердің бірі болып отыр. Қазақстанда да аталмыш мәселелер шешімін тапқан жоқ. Әлемдік державаларға бой бермей тұрған шекара мәселесі, экономикалық теңсіздік біздің енді дамып келе жатқан еліміз үшін айтарлықтай үлкен мәселе. Дегенмен, жаһандық проблемалардан бөлек мемлекет ішіндегі шешілмей жатқандарын ауыздықтасақ та қайда жатыр?!

Сауда – Қазақстан Республикасының экономикалық қызметінің ең ірі саласы және оның дамуы-экономиканың табысты жұмыс істеу шарттарының бір. 2003 жылдан бастап республиканың жалпы ішкі өніміндегі саланың үлесі 11-12% - ды құрайды, саудада экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 15% - ына дейін жұмыс істейді. Мұндай өте төмен көрсеткіш шағын кәсіпкерлікпен заңсыз айналысатын алыпсатарлардың кесірінен болып отыр. Қытай мен Қырғыстаннан сапасыз әрі арзан киім-кешектерді ешбір қиындықсыз алып өтеді. Әкелінген тауарлар отандық өндірушілердің басты бәсекелесі, яғни сапасы да, бағасы да жоғары өз өніміміздің жолын жабамыз. 2018 жылғы мәліметтерге сүйенер болсақ тек бір Қырғыстан мемлекетінен 48,7%-ға жуық тауар өнімдері Қазақстан жеріне кіргізілген. Халық санына шаққанда бұл үлкен көрсеткіш.

Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы басталған сәттен бастап тауар биржалары сияқты сауда нысаны пайда болды. Олар республикаішілік тауарлар, ақпарат алмасуды, оның ішінде сыртқы нарықтар туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыруға ықпал етті. Қазіргі уақытта биржалық сауда тиісті дамымаған, барлығы 5 тауар-шикізат биржалары жұмыс істейді, сауда көлемі мен айналымы салыстырмалы түрде аз. Бұл сыртқы сауда-саттықты салыстырмалы түрде тежетеді. Себебі, әлемдік сауда өткен жылы біраз қиын кезеңдерді басынан өткізген болатын. Мысалы, АҚШ пен Қытай арасындағы өзара жоғары кедендік баждар  6 шілде де күшіне енді. АҚШ доллары жалпы көлемі жылына 34 миллиард доллар болатын Қытайдан 818 тауар түрінің импортына әкелім бажын 25% - ға теңестірген еді. Жауап ретінде  Қытай контрмер ретінде американдық тауарлардың тең көлемінің импортына 25% баж енгізді. Артынан АҚШ билігі Қытайдан келген тауарларға 10%  200 миллиард доллар көлемінде қосымша баж салығын енгізуді жоспарлаған. Қытай Коммерция министрлігі АҚШ-тың іс-әрекетіне түсініктеме бере отырып, оларды АҚШ экономикалық қатынастар тарихындағы ең ірі сауда соғысы деп атады. Оған қоса бұл Қытайға қарсы ғана емес, жаһандық қамтылған соғыс деген түсініктеме берген еді. Бұл Қытай тарапының көзқарасы, ал американдықтар отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ақшалай қаржы бөліп, көптеген жеңілдіктер жасады. Тіптен, осы жағдайлардың алдында АҚШ-та тегін білім алуға мүмкіндік беретін "Green Kart” бағдарламасын да біршама күрделендіріп, бөлінетін қаржы көлемін азайтқан еді. Нәтижесінде, қазіргі таңда АҚШ нарығының басты бөлігін отандық өнімдері алмастырған. Қазақстанның да осыдан алар сабақтары көп, бірақ Америка сияқты бізде қауқар жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзбектер тек 7 пайыз ғана мақта талшығын қайта өңдейтін. Қазір бұл көрсеткіш 55 пайыздан асып кетіпті. Ал біздегі жартас сол жартас.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын жеңіл өнеркәсіп беріп отыр, ал Қазақстанда ол небәрі 0,03 пайыз екен. 2010 жылдан бергі уақытта отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі қажеттіліктің тек 10 пайызын ғана өтепті. Қалған 90 пайызы сырттан келетін өнімдердің үлесінде. Тіптен xалық тұ­ты­натын қолғаптардың 93%, шұ­лық өнімдерінің 73% Қытайдан жет­кізіліп тұр. Осыншама үлкен сандардың сыры неде? Елімізде еңбек күші жетіспейді ме? 

Елдің экономикалық теңсіздігіне қарсы тиімді күрес үшін бұл проблеманы шешуге білім берудің, денсаулық сақтаудың және өзге де ресурстардың қолжетімділігін кешенді – арттыруға жақын келуге тиіс. Адамдардың көпшілігі осыған байланысты негізгі жауапкершілік мемлекетте деп санайды, бірақ оған корпорациялар мен белді компаниялар да жауапты, өйткені бизнестің өзі халықтың кедей бөлігінің кірісінің өсуінен ұтады, себебі тұтынушылар саны өсуде. Заңға біршама өзгерістер еңгізіп, мүмкіндігінше сырттан экспортталатын тауарлар толқынына тосқауыл қойып, республика ішіндегі сауда-саттық айналымын жолға қою керек. Өзіміздің таңсығымызға таң қалмай, өзгенің қаңсығына жапа тармағай жабысып жүргенді қою керек. Әлемдегі бірден-бір билік көзі - сауда! Кім өндіреді, өңдейді сол - әмір жүргізеді.