Bugin

Қазақша атаулар тек қазақ тілінде жазылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елді мекен атаулары тек мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Мәжілісте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында көрнекі ақпарат мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Осы заң жобасы туралы баяндама жасаған депутат Берік Әбдіғалиұлы негізгі мақсат — сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы басқа да рекивизиттер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқа аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу екенін айтты.

- Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің мәселесі бәрімізді алаңдатады. Соның ішінде сайлаушыларымыз жиі көтеретіні — көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі мәтіндердің сауатсыздығы, ал кейбіреулерде тіпті қазақ тіліндегі мәтіннің болмауы - дейді депутат Берік Әбдіғалиұлы.

Депутаттың айтуынша заң жобасы елді мекендердің, сондай-ақ басқа да географиялық нысандардың дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын тек мемлекеттік тілде жазуды, мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларында сөзді мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ғана орыс тілінде жазуды көздейді. Одан бөлек, жол белгілеріндегі жазуларды хабарландыруды, жарнаманы, прес-куранттарды, ас мәзірін, нұсқағыштары мен басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс немесе басқа тілде жазуды қарастырған.