Bugin

Балалар мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын қабылдайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы Қазақстанға алдағы уақытта жеткізілетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer екпесін бірінші балалар мен жүкті әйелдер алатынын айтты. Елімізге жалпы саны 4 миллионға жуық доза келеді, оның 2 миллионы егідетін болады. Вакцинаның жеткізілуі 2021 жылдың соңына дейін күтілуде.

- Pfizer вакцинасы бастапқыда 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге бағытталады. Артынша басқа адамдарға да қолжетімділігін қарастырамыз. Бірінші кезеңде біздің міндет – балаларды вакциналаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету –  деді Цой мәжілістегі үкімет сағатында.