Bugin

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әлем чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан намысын жас ауыр атлет Рахат Бекболат қорғады. Қызылордалық 17 жасар әлемдік рекордшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Мұнда ауыр атлетика ойынына тағы 4 спортшы қатысты.

Айта кету керек, Рахат Бекболат қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында серпе көтеруден әлем рекордының иегері. Сонымен қатар, осы салмақта жастар арасында жалпы әлемдік рекордқа ие.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Рахат 155 келіні көтеріп, алтынға ие болды. 152 келілік жұлқа көтеруде түркиялық Танер Чаглар күміс, ал қола жүлде поляк Шимон Циолковскиге бұйырды, ол үшінші рет 151 келіні көтерді.

Серпе көтеруде Бекболат басқалардан айқын басымдыққа ие болды. Ол бірінші кезеңде 185 келіні көтерді. Бұл оның ең жақын қарсыласынан 14 келіге артық.
Нәтижесінде ол 200 келі көтеріп алтын медаль жеңіп алды. Бұл оған жалпы есепте бірінші орынды оңай жеңіп алуға көмектесті.