Bugin

Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның заңына қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді. Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасаушы азаматтар жәрдемақы ала алады.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов бірінші топтағы 66 мың мүгедектің үштен біріне күтім бойынша және жеке көмекшінің қызметіне жәрдемақы берілмейтінін айтқан болатын.

Олардың арасында комада жатқан науқастар, төсек тартып жатқан мүгедектер де бар. Тұрақты сырттай күтімді қажет ететін қосымша 24 мың адам күтім бойынша жәрдемақымен қамтылады.

Сондай-ақ, түзетулер мүгедектік тобы бойынша балаларды градациялауды енгізеді. Ол жәрдемақы мөлшерін өсу бағытында қайта қарайды, шара 3 мыңға жуық адамға әсер етеді.

Қазақстан Парламенті жаңа жеңілдіктер бойынша түзетулер қабылдады.

Заң сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын кеңейту мүмкіндігін қарастырады.