Bugin

Өлім жазасы Қазақстанда қандай жағдайда қолданылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Мәжіліс Қылмыстық кодекске өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Өлім жазасы Қылмыстық кодекстің төрт бабында ғана қалады. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев өлім жазасын жоюға бағытталған маңызды актілердің бірі – екінші факультативтік хаттама екенін атап өтті. Оны Қазақстан биыл қаңтарда ескертпемен ратификациялаған еді.
Ескертпеге сәйкес, Қазақстан соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырды.
Қылмыстық кодекстің 4 бабында өлім жазасы сақталады. Атап айтсақ, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар. Бұл қылмыстар соғыс әрекеттерімен байланысты және соғыс кезінде жасалуға тиіс. Олар басқыншылық, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен азаматтық тұтқындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрін бұзу, соғыс уақытында жасалған геноцид.   

Қазақстанға өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстарды анықтауға адамгершілікке қарсы әрекеттер белгіленген халықаралық актілер бағыт болады.
Екіншісі, Рим статуты – халықаралық қылмыстық сот жарғысы. Статут барлық халықаралық қоғамды алаңдататын ең аса ауыр қылмыстар деп мыналарды санайды: геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, агрессия қылмыстар.
Әскери тұтқындарды ұстау туралы Женева конвенциясы басқа қылмыстармен қатар, әскери тұтқындарды қасақана өлтіру ең аса ауыр қылмыс деп санайды.
Сондай-ақ ол Қазақстан биологиялық, химиялық және ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттарын бекіткенін еске салды. Сол себепті мемлекет осындай құралдарды қолданғаны үшін өлім жазасын қалдыруды қарастырып отыр.