Денсаулық
Арақ, темекі мен семіздіктің зияны қандай?
Бүгінгі қоғамның атмосферасы бұзылып, адамдардың таза ауамен тыныстауы, денсаулықты күтуі секілді қағидалары әлсіреп барады. Басты себеп іштегі рухани нәпсіні жеңе алмағандықтары. Одан бөлек арақ-темекі сату үрдісінің ашық әрі өте жоғары деңгейде жүруі. Елдің болашағы денсі сау ұрпақты дүниеге әкелетін әке мен ананың борышында. Ал ата-анамыздың, әсіресе әкелеріміздің өзі бұл жағынан әлсіз болса не істеу керек?
Арақ ішу оңай, дертінен сауығу қиын
Арақтың құрамында негізінен су мен этанол (спирт) болады, ешқандай дәрумендер, кальций, фосфор, темір сияқты минералды заттар болмайды. Арақты ұзақ уақыт бойы ішкенде ол бауырды зақымдап, бауырдың майлануы, бауырдың қатуы секілді дерттерге шалдықтырады. Сонымен қоса, сыртқы, асқазан, ішек, жүрек сияқты ағзаларды да зақымдайды. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар арақ іше салғанда бірден білінбейді, тек ұзақ уақыт ішкенде біртіндеп ағзаларды зақымдап, улай бастайды.
Кей адамдар күніне 500 милл. артық үзбей арақ ішкенде, 15 жылда бауырының қатқанын, егер күніне 1000 миллилитрден ішсе, шамамен 10 жылда бауырының қатқанын сезеді. Бұл арақ ішуды ұнататындар үшін орташа есеп қана. Ал, бауыр қызметі тумысынан нашар адамдар үшін бұл мерзім тым қысқа болуы әбден ықимал.
Арақ ішу арқылы бауыр зақымдалса, бауырдың уытты ыдыратып, белокті біріктіру қабілеті төмендеп, науқас қалжырап, қуатсызданып жұмыс істеуге зауқы болмайды. Бауырда патологиялық өзгеріс туындайды. Әсіресе, бауыр қатқан кезде еркектің денесіндегі аталық гормон жансызданады, жанындағы аталық гормон аналық гормонға өзгеріп молая түседі. Нәтижесінде «еркектікке» ықпал жасап, жыныстық қуат әлсірейді. Тез шаршайды, ауыр болған жағдайда ені солып, түгі түседі. Арақты шамадан көп ішу ауыз қуысы қатерлі ісігіне, жұтқыншақ-көмейдің қатерлі ісігіне, омыраудың қатерлі ісігіне, бір жақ ұршық буынының ауруына, ортан жілік басының жансыздануына, асқазанның қабынуына, сүйектің босауына және ми қантамырларының ауруына әкеп соқтырады.
Арақ ішуде қалыптасқан төмендегі үш түрлі әдет ағзаны тез зақымдайды:
• Қысқа уақыт ішінде өте көп арақ ішу;
• Аш қарынға арақ ішу;
• Көңілсіз күйде арақ ішу.
Клиникалық тұрғыдан арақ ішу салдарынан болған ауруларды емдеу біршама қиын. Спирттен бауыр қатаюы, бауыр сипатты ми ауруы оңай туылады. Емдеу арқылы аурудың жағдайы дұрысталса да, бірақ ол дерт қайталанады.
Темекі сперматозонның ғана жауы емес
Темекі көп жағдайда еркектің сперма сапасын бұзады. Темекі тартқан адамның қан плазмасында қоздырғыш клетканы өзгерту және лимфа клеткасының синтездік деоксир ибонуклеин қышқылының (DNA) бірігуіне кедергі жасайтын зат болады да, шеткі лимфа клеткасындағы хромосома орнының ауысуын тудырады. Сондықтан темекі тарту сперманың пайда болуына, жетілуіне және қалыптылығына теріс ықпал жасайды. Науқастың темекі тартқан уақыты қаншалықты ұзақ болса, қалыпсыз сперматозон соншалықты көп болады, қалыпты сперматозондардың саны тоқтаусыз азая береді. Темекінің құрамында «аталық гормон» сияқты бір түрлі зат болады, ол қан құрамындағы аталық гормон шамасын тежейді. Сөйтіп науқастың сперма сапасы өзгере бастайды. Қытайдың медицина мамандарының зерттеуіне қарағанда әкесі темекі тартатындардан туған баланың қалыпсыздығы не бәрі 0.5 пайыз ғана, ал күніне 10 тал темекі тартатындардан туған баланың қалыпсыздығы 1.4, он талдан артық тартатындардыкі 2.1 пайыз болған. Әкесі темекі тартып, шешесі темекі тартпайтындардың балаларымен салыстырғанда, алдыңғыларында қан рагі, лимфа өспесіне шалдығу қаупі, соңғылардікінен 20 пайыз жоғары болады.
Ерлердің көпшілігі темекі тарту өздерінің беделін көтеретін, еркектік әлеуеттің белгісі деп қарайды. Тіпті, кейбір азаматтар жыныстық қатынасқа түсерден бұрын 2-3 тал темекі тартса, адам денесіндегі нервтік қимылдың қабілетін арттырып, үлкен миды оятып, осы арқылы жыныстық қатынастың ләззаты артады деп түсінеді. Өкініштісі, іс жүзіндегі жағдай мұның керісінше екенін көрсетеді. Темекі үлкен миды тітіркендіріп, оны оятады. Бірақ үлкен мидың оянуы мен оның тежелуінің теңсіздігін, сәйкеспеуін келтіріп шығарады да, нәтижеде қысқа уақыттық ояну мен ұзақ уақыттық тежелу пайда болады. Ұзақ уақыт бойы темекі тарту симпатикалық нервті тітіркендіріп, жыныс мүшесі кеуекті денесіндегі тегіс салалы бұлшық етті жиырады. Сөйтіп мүшеге қан толмай, оның қызметі кедергіге ұшырап, қалыпты төсек қатынасын бұзады.
Белсіздік дертін тудыратын факторлар көп. Бірақ соның бастысы мүше артериясына қан жетіспеу. Жыныс мүшесі, негізінен үш дана кеуекті денеден құралады. Кеуекті денеге қан толғаннан кейін артерия сабақтарымен ұштасып, мүше қатайған кезде нервтің басқаруымен артерия кеңейеді де, көп мөлшердегі қан кеуекке толып, сол арқылы мүшенің көлемін ұлғайтып, қатайтады. Темекі құрамындағы никотин, көміртегі тотығы және қарамай құрамындағы рутин белогі сияқты залалды заттар мүшенің артериясын ботқа сияқты күйге түсіріп, қанның жабысқақтығын арттырып, микро айналым кедергіге ұшырап, қантамыр қуысының кішіреюіне, тарылуына алып келеді. Сонымен жыныстық орган оңай қатаймайды. Қазіргі кезде көптеген медициналық зерттеулер темекі арқылы белсіздіктің пайда болу деңгейі жоғары екендігін көрсетіп отыр.
Семіздік денсаулыққа зиян
Семіздік қазіргі кезде жұмыр жер бетінің көптеген тұрғындарын мазалап отырған басты дертке айналды. Әсіресе дамыған батыс елдерінде бұл дерт асқынып тұр. Семірген адамның терісі мен ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуысқа көп молшерде май жиналады. Денесіндегі май мөлшерінің артуы аталық гормонды көп мөлшерде аналық гормонға өзгертеді, гипофиздің жыныс безін қоздыратын гормонды бөліп шығаруын тежейді. Сөйтіп тестесторонның бөлінуін азайтады. Бұл жігіттің жігерін жасытып, жыныстық қабілетін төмендетеді. Семірген адам оңай шаршайды, дене еңбегімен шұғылдануды жақтырмайды, ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасы да ұзаққа бармайды. Семірген адамның денесіне біткен артық май, тұлғаны өзгертіп, сыртқы жыныс мүшесін қысқартады және кішірейтеді. Семіздік тудыратын қасірет еркектің жыныстық қабілетімен ғана шектеліп қоймайды, өзге де ауруларды тудырушы болып отыр. Ер адамдардың көбі «генерал қарын» болуды мақтан санайды. Шын мәнінде, бұл қауіпті ауру. Адамдардың семіздігі екі түрлі болады: бір түрі майдың құрсақ қуысына жиналуын белгі етеді, мұны ішкі ағза типті семіздік немесе домалақ семіздік дейді. Ендігі бір түрі майдың санға, бөксеге жиналуы. Мұны тері асты майы типті семіздік немесе сопақша семіздік дейді. Салыстыра келгенде ішкі ағза типті семіздіктің орта және егде жастағыларға болатын қаупі күштірек болады. Өйткені ішкі ағза типті семіздік зат алмасудың күрделі белгілерімен тығыз байланысты болады. Зат алмасудың күрделі белгілері – семіздік, диабет, қандағы майдың қалыпсыздығы, жоғары қан қысымы сияқты бірнеше зат алмасу ауруларының адам денесіне жиналған бір түрлі күйі. Зат алмасуда болатын мұндай күрделі белгілер ұзақ уақытқа созыла берсе, миға қан құйылу, жүрек ауруы сияқты дерттерге алып келеді. Зат алмасудың күрделі белгілерінің асқынуын тежеуде, арықтау бәрінен де маңызды. Арықтау үшін қалыпсыз тұрмыс әдеттерін өзгертіп «азырақ жеп, көбірек әрекеттенуге» табанды болу қажет.
Дереккөз: "ЖасАй" журналы