Bugin
Мәдениет және спорт министрлігіндегі қызметінен кеткен Қазақстандық спортшы, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа жұмыс орны жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сәпиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында алдағы уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істейтінін тілге тиек етті.
Алайда ол комитетте қандай қызмет атқаратынын нақтылаған жоқ.
Сонымен қатар экс-шенеунік сұхбат барысында келесі жылы Қазақстанда Серік Сәпиев атындағы бокс мектебін ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Айта кетерлік жайт, спортшы 19 қазан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеген болатын.