Bugin

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын иеленген Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегінде сол дивизиондағы WBA Super әлем чемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін жұмыс күні 28 желтоқсанда болғандықтан өтетін орны Жапонияның Кобе қаласы деп белгіленген еді. Муратамен жұдырықтасатын жекпе-жек Головкиннің DAZN стриминг-платформасымен жаңартылған GGG келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады деп күтілуде.