Bugin

Белгісіз әйел кішкентай баласын көліктің астына лақтырмақ болды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда белгісіз әйел кішкентай баланы көліктің астына тастамақ болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Кадрларда әйел баланы көшеге шығарып, жол бойында қалдырады. Мұны көрген ер адам нәрестені жолдан алып, шетке шығарады. Алайда, сол сәтте әйел жүгіріп шығып, көлік өтіп бара жатқан сәтте баланы жұлып, лақтырмақ болады.

Бұл оқиғаға полиция түсініктеме берді.

- Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция бөлімі осы факті бойынша тексеру жүргізуде, оның нәтижесі бойынша мән-жайлар анықталады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады - делінген департамент хабарламасында.