Экономика

Пойызда қызған сауда

Жан тыныштығы– басты тақырып

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Поездің іші қызған сауда. Күбір-күбір әңгіме. Сатушы мен жолаушылардың тауар бағасына тартысы. Түн жарымында да маза бермегенін қайтерсің. Ытқып жатқан орныңнан түрегеле жөнелесің,  жоғары шыққан дауыстардан әрине. Сауда дерсің,  бизнес дерсің,  басқа не дерсің! 
Көбіне жанымыз тыныштықты қалағаннан соң ба,  мұндай жабайы сауданы жақтыра бермейміз. Ал оларға заң да жүрмейді. Алайда алушы өзіміздің қандастар мен қызыққан көздерінің әмірі. Арзан заттарды қымбатқа бағалаған сатушыдан түсіріп алдым деп мақтанған жолаушының аянышты халі. Ай аңқауларым-ай. Дегенменде алғандарың керегіңе жарасын. 
Тек саудасын қыздыртқан саудагердің өтірік шыны аралас сөздеріне қапа боласың. Шіміркпей өзі құрастырған әңгімесін жібереді дейсің. Дейсің дейсің де одан өзіңде шатысасың. Жалған сөйлеп абырой тапқан кім бар.Құйтырқы әдеттерден ада болсаңдар болмас па?! Ісіңді адалынан атқарғанға не жетсін,  шіркін! 

Ал, сатушы, саудаңа береке!