Редактор бағаны

Байқоңыр ғарыш айлағы бағымыз ба әлде сорымыз ба?

Байқоңыр ғарыш айлағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1955 жылы іргесі қаланған Байқоңыр ғарыш айлағы біздің басымызға қонған бағымыз ба әлде сорымыз ба? Ғарыш айлағынан бізге төніп тұрған қауіп қандай? Болашағымыз қаншалықты бұлыңғыр? Экологиялық апаттан құтылудың жолдары қандай? Міне, бұл сұрақтар кім-кімнің де көкейінде жүргені рас. Ендеше осы көкейкесті мәселенің жауабын бірге тауып көрейік.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді. Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш¬сыз елестете алмайды. 1961 жыл¬дың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете¬тiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ¬былысы, мал жайылымы, ауыз су¬дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағ-дайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосфе¬расын зерттейдi. Жер ша¬рына қаупi бар апаттардың алдын алады.

Аңызға айналған Қорқыт ба¬бамыз  жер жәннатын iздеп, дүниенiң төрт бұрышын аралап, туған тоырағы – Сыр өңiрiне қайта келедi. Сонда «бұл жер – жердiң кiндiгi» дептi. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүрiптi. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердiң тартылыс күшi аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасады. Академик С.Ко¬ролев ғарыш айлағына орын iздегенде,  бiрнеше өте күрделi шартты ескерген. Ғарыш айлағына айналатын жер бiрiншiден, экваторға жақын орналасуы тиiс әрi жерден ұшқан зымыран орбитаға барынша төте жолмен жетуге тиiс. Екiншiден, оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегi Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темiр жол өтiп, солтүстiк-батыс шалғайда кең жазық дала жатуға тиiстi едi. Байқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келдi. Демек, Қорқыт бабаның болжамы шындыққа айналды.

Дегенмен, Байқоңырдың пайдасы емес, зиянына қатысты мәлiмет көп. Оның  пайдасы мен қатар қоршаған ортаға тигізер зияны да жетіп артылады. Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды. Біріншіден, «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналуы. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде. Айлақтан әрбір ұшақ ұшқан сайын, табиғаттың күрт өзгеріске ұшырауы, атмосфераның озон қабатын бұзады, қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады. Терреторияны үшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен ластайды. Екіншіден, Аралда бола ма, Семейде бола ма экологиялық апаттың зардабын шегетін - жергілікті халық. Әрбір халық өз тағдырын өзі жасайтыны рас болса, Арал апаты бізге неге сабақ болмайды? Оған деген хайуандық көзқарас неге бүгін Каспий дегенде өзгермейді? Осыны ойлағанда кезінде қазақ жерінде болған Ф.Достоевскийдің “бұл халықты жойып жіберіп, орнына басқаларды әкеліп орналастыру керек ...” дегені еске түседі. Сірә, қазақты біреу жойып жібермей - ақ өздері жойылу алдында тұрғанын “Қылмыс пен жазаның” авторы  қалай ескермеді екен? Құран Кәрімнің “Күдіксіз бір қауым өзін өзгерпейінше, Алла оларды өзгерпейді!” деген аятты көпшілік негізге алса абзал. Әлемде әр түрлі аурулар пайда болуда. Қазіргі кезде өмір сүру ұзақтығы мен өлім деңгейін төмендету ағзаның төзімділігін жоғарылату арқылы емес, сыртқы қорғау және медициналық құралдардың көмегімен жүзеге асырылуда. Адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және жақсылықтың, игіліктің көзі табиғатқа адамзаттың өзі үлкен қауіп төндіруде.

Қорыта айтқанда, бұл экологиялық апаттың алдын алу үшін қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету, зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу, егінді жинау және бау-бақшалардың гүлденуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау, аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сонда ғана мақсатымыз айқын, болашағымыз кемел, тәуелсіздігіміз берік болатын еді!