Bugin
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы бензин бағасына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
«Бензинге келетін болсақ, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат естідім. Мен соңғы үш жылдағы статистикаға зер салдым. Соңғы үш жылда – 2018 жылдан 2021 жылға дейін 92 маркалы бензиннің бағасы 163 теңгеден 177-178 теңгеге көтерілген. Яғни, соңғы үш жылда 15 теңгеге. Бұл айтарлықтай өсім емес деп білеміз. Өйткені қазір бензин қажетті мөлшерде өндіріліп, жөнелтілуде. Бензин бағасының көтерілуіне еш негіз жоқ деп есептейміз. Әрине, бүгінде бензинге қатысты жағдай – тұрақты», - дейді министр.