Мұғалімдер мен оқушылар назарына: Daryn online олимпиадасы басталады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Daryn online мұғалімдер мен оқушыларға арналған олимпиада өткізбек. Қараша айының 15-20 аралығында өтетін олимпиадаға қатысып ұстазға қажетті ноутбук, планшет, принтер және оқушыларға арналған велосипед пен самокат сыйлықтарын ұтып алыңыз! Сондай-ақ, олимпиадаға қатысушыларға сертификаттармен қоса үздік атанған 1-4 сынып оқушыларына «Берке аю және кәсіп» кітабы, 5-11 сынып оқушыларына «Бір ұлттың оянуы» кітабы және 50 оқушыға бренд футболкасы сыйлыққа беріледі. 

Ең үздік сыйлықтарды ұсынып отырған конкурсқа қатысу үшін бар болғаны мына шарттарды орындағаныңыз жеткілікті:  

1. Дарын онлайн сайтына өтіп, жоғарыда аталған олимпиадаларға қатысасыз;  

2. @daryn.online инстаграм парақшасына тіркелесіз;  

3. Сол посттың астына ID номеріңізді және мұғалім немесе оқушы екеніңізді жазып кетесіз;  

4. Сторизке #darynolympiad хэштегін бөлісесіз. 

Егер жоғарыдағы шарттарды орындаған болсаңыз, төменде аталған пәндер бойынша олимпиадаға дайын болыңыз:   

Ұстаздарға: 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

орыс тілі мен әдебиеті 

ағылшын тілі 

химия 

физика 

математика 

бастауыш пән мұғалімдері 

Оқушыларға: 

«Жас полиглот (Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі)» 5-11 сынып 

«Жас тарихшы» 5-11 сынып  

«Жас математик» 1-11 сынып 

Ендеше олимпиадаға қатысушыларға сәттілік!  

Daryn online - Білім бізді біріктіреді!