Bugin

Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуы ненің белгісі? - саясаттанушы жауап берді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

11 қараша күні «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» деген атау «Түркі мемлекеттер ұйымы» болып өзгерген болатын. Осы оқиғадан кейін көпшіліктің көкейінде «Бұл ненің белгісі?» - деген сұрақ туындаған еді. Аталған сұраққа саясаттанушы Асхат Қасенғали Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- Біріншіден, бұл атаудың емес "статустың" өзгеруі. Сіз бен біз өзара келісім шарт арқылы кеңесіп отырмыз. Ал ұйымда белгілі бір бекітілген құжаттар бар, іске асуға тиіс жоспарлар бар. Яғни, бұл бір қадам алға жылжу деген сөз. Кейбір азаматтар бұл Одақтастыққа әкеле жатыр ма деп айтады. Мүмкін. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Саясатта мүмкін емес деген сөз жоқ. Мысалы, Еуропалық Одақты алып қарайық. Бір күнде бола салған жоқ. 45-50 жылдық қадамнан басталды. 1996-1997 жылдары нақты Одақ ретінде құрылды. Қазір ұйымның деңгейінде. Бұл кеңестен жақсы. Бірақ, кеңеске жеткен күннің өзінде бірқатар қадамдар жасау керек. Кезең кезеңмен ақырындап, мысықтабандап нақты бір мақсатқа келе жатырмыз. Бұл өте жақсы. Себебі, мұндай іс-әрекетте асығыстық жасауға болмайды. Осы кеңесте нақты құжат қабылданды. Біріншісі, кеңестің статусы ұйымға өзгерді, екіншісі, 2040 жылға дейінгі стратегия қабылданды. 2040 жылы біз Одақ деңгейіне айналып кетуіміз мүмкін. Бұл жерде одақ өзгелер ойлап жүргендей "әскери одақ" емес. Көбісі ойлайды "Түркі одағы" десе "Тұран одағы" дегенді және оны "әскери одақ" ретінде елестетеді. Әрине, әскери аспектілері болуы мүмкін, әскери байланыстар, келісім-шарттар ашық түрде айтылмайды. Меніңше бұл экономикалық сауда қарым-қатынасын байланыстыруға арналған - дейді саясаттанушы Асхат Қасенғали.