Экономика

Қазақстандағы қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық: ол не үшін маңызды және финанс тақырыбында нені жадымызда сақтауымыз қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қазақстанда қаржылық сауаттылық қаншалықты сақталған және де мемлекет тарапынан қаржымызды тиімді пайдалануымыз үшін не істеуімз қажет ?

Қаржылық сауаттылық – ол білім мен мемлекет жағдайындағы белгілі әрі қалыпты дағды. Бұл сала жалпы, мөлшерлі мемлекеттік қаржыны ақылға қонымды түрде пайдаланудың тың жолдарын көрсетеді. Қаржы жағынан  сауатты болу үшін, негізгі қаржылық ұғымдарды түсіну, қаржылық институттардың қызметтерін бағдарлау және олардың артықщылықтарын, минус- плюстарын тәуекел ете отырып түсіну арқылы пайдалану, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау,  қаржыны басқару:  бюджет жүргізу, шығындарды жоспарлау,  жинақтарды жинақтау және мүмкіндігінше мемлекет алдындағы қарыздық борыштарды өтемеуден аулақ болу.      

Не себепті финанстық қаржы қажет ?    

Қаржылық сауаттылық күтпеген жағдайларда өзін және өз отбасын қаржылық қамтамасыз ету,  өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет. Бұл біздің әрқайсымыз үшін атап айтқанда, мемлекет пен қаржылық институттар үшін маңызды. Адамдар қаржыға қатысты ақылға қонымды шешімдер қабылдамаған кезде, тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша берешектер ұлғаяда, алаяқтардың саны да көп пайда болады, қылмыс деңгейі өседі, экокномикалық тұрақтылық құлдырайды, ал адамдар ақшаны  сенімсіз жекеменшік банктерге салады немесе табысты арттыру үшін заңсыз кәсіптермен айналысады, күмәнді құралдарды пайдалану арқылы банктік қаржыны шешуге тырсады.  Алайда, бұның барлығының бірінші залалы мемлекет тарапына келіп тиері сөзсіз.  

2017 жылдың 1 қарашасына қарай банктерге қарыздарды қайта қаржыландыруға 30 мыңға жуық өтілім берген. Қарыз алушыларға қолдау көрсету үщін мемлекеттік бағдарлама әзірленді: бұған республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінді. 

Бұл ретте,  мемлекет тарапындағы ақша- салық төлеушілердің нәтижесінде жиналған қаржы. Яғни, мемлекет халық есебінен төмен қаржылық сауаттылықтың  салдарын жояды. Қисынды шешім сұралады:  халықтың қаржылық  сауаттылығын арттыруға ақша жұмсау. Мұндай тәсіл болашақта қаралады.

Айта кету керек, қаржылық сауаттылық бойынша, елімізді бірқатар іс-шаралар мен ұйымдастырулар жүзеге асқан. Мәселен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және мемлекеттік органдар мен қаржы институттары тоғысатын, бірегей әрі халық үшін өте маңызды қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша сарапшылық кеңес құрылған болатын.

Бұдан бөлек, 2018 жылы Ұлттық банк еліміздегі халықтың қаржылық сауаттылығын анықтауға ниет білдірді. Бұл шара ұлттық валютамыздың 25 жылдығына тұспа-тұс келіп, халықтың орташа өмір сүру және сауаттылық деңгей турасында бірнеше ақпараттар жарық көрді және мемлекеттік тараптан жағдайы төмен отбасылардың қаржылық жағын қалай тиімді пайдалану мен оны шешу мәселесі де талқыланған болатын.

Ал 2019 жылдың 25-28 ақпанында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (IADI) бірлесе отырып, Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен еліміздегі ірі мегаполис саналатын және мәдениет пен экономикалық тұрақтылықтың негізі болып отырған Алматы қаласында қаржылық сауаттылық мәселесі бойынша бірнеше шаралар ұйымдастырды.

Еліміздегі азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру – халықаралық табысты тәжірибе призмасы арқылы жан-жақты зерттеуді, зерделеуді талап ететін мемлекет ішіндегі стратегиялық басты міндет. Келешекте қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы, халықтың сауаттылық деңгейін көтеру арқылы, Қаржы нарығын дамытуға, елдің тұрақты экономикасын өсіруге және дамытуға болады. Заңнамалық жақтан және саяси-экономикалық тұрғысынан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру – қажеттілік.