Саясат

Идея неге барлық адамға келе бермейді?

Идея айтудан қорықпаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Идея" неге барлық адамға келе бермейді? Білегінің күші белдескеннің белін үзген, қолына түскен қылышы қарсыласқанның бетін қайтарған азаматтардың алға озатындығы артта қалып, санасының тізгінін мықтап ұстағандардың бәйге алып жүргені, заманның қояр талаптарының өзгергендігін көрсетеді. Түлкі заманды тазы боп шалып жатқан қазіргілер несімен ерекшеленеді? Жетістіктің желкенін жиі көтеретіндерге талдау жасасаңыз жаңалық ашқанның бағы жанып жүргеніне көзіңіз жетеді. Яғни, қоғамға жиі-жиі жаңа "идея" ұсынып жатқандар озып жатыр.

Бір аудиторияда отырған 100адамнан белгілі-бір тақырыпта идея сұрасаңыз, 10-ға жуық жауап ұсынылатынын ескерсек, неліктен барлық адамға идея келмейді деген сұрақтың туындауы орнықты. Бұл сұраққа жауап ретінде өзіндік көзқараспен бірнеше психо-философиялық пікір ұсынуға болады: Студенттерге жүргізілген сауалнамаға сүйенсек идея ұсынатын адамдардың аздығына себеп-ғылыми білімсіздік. Бірақ,әлемдік аренадағы идеяшылдардың басым бөлігі үшке оқығандығын ескерсек, практиканың сөзі олай демейді . Көпшіліктің арасында " идея-қажеттіліктен туады" деген пікір бар екен. Бірақ, бұл біз іздеген сұраққа толыққанды жауап емес. Идея- қажеттілікті қамтамасыз етуге деген құлшыныстан бастау алады. "Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді" деген қазақтың сөзі, қажеттілігінің барлығы шешіліп қойған адамның жоқтығын көрсетеді. Қажеттілік бәрінде бар,оны шешуге деген құлшыныс көбінде жоқ! Сол үшін шығар идея ұсынушылық та көбінен табыла бермейді. Идея табатындарды аз деп факт жасауға да болмайды. Идеясы бар,бірақ, көпшілікке ұсынуға қолы қысқа азаматтар көп. Ал осы көптік-факт. Ауылдағы өз қажеттіліктерін шешу жолында идея "айтатындар " көп. Ал айтылған идеяны үкімет "пікір"деп қабылдауын тоқтатпайынша , теледидар тек суық хабарларды ғана "Жаңалықтар" деп айтуды доғармайды. Идеяның барлық адамда табыла бермеуіне тағы бір себеп қолдау мен көмектің болмауы. Қолдауды беретін-билік. Үкімет, агротехника туралы идеяны егін еккен диқаннан емес,кетпен ұстамаған қалалық студенттерден сұрауын тоқтатпайынша, қолдауды керекті жерге көрсетпейінше керекті нәтиже ала алмайды. Бұл жәй ғана мысал. Барлығымызда идея бар немесе оны табуға мүмкіншілік пен уақыт та бар. Ендігі табу керек нәрсе қолданысқа енгізуге жол. Идеяңыз болса әлеуметтік желіге салыңыз. Елу болған елдің құлағы осы әлеуметтік желі қазір. Бұрынғыдай әкімге жету үшін әкімшілікте кезекте тұрудың қажеті жоқ. Интернетін қосқан әкімнің телефонына бір күн болмаса бір күн сөзіңіз жетіп барады. Жету бөлек, орнығу бөлек әрине. Бұл менен бір идея болсын.