Bugin
Еліміздегі «Дофамин войс» жобасын ұйымдастырушылардың бірі жапондық анимеге дубляж жасау барысында «қазақша аудармаңдаршы» деген сынға көп кезіккендерін жеткізді. Бұл туралы ол «Bugin Podcast»-та айтты.
- Бастапқыда ондай әңгімелер, комментарийлер көп болды. Себебі, ол кезде біздің қателіктеріміз, олқылықтарымыз көп болды. Өйткені біз жапондық стильге еліктеп интонациясына еліктеп кетіп едік. Біздің қазақ тілінде өзіндік интонациялар бар. Бұрынғы дубляждалған киноларды, мультфильмдерді көрсеңіздер ол жерде мүлдем басқаша. Сол кезде қазақшаға шорқақтығымыз сәл білініп қалған шығар. Қазір қуанышымызға орай біз дубляж жасаған кезде бір-бірімізбен ақылдасып, аудиолардың варианттарын телграмда өзіміздің ортақ чатымыз бар, сонда лақтырып пікір алмасамыз. Мына жерде қалай деп, кішкене дұрыстап - дейді Елжас.