COVID-19
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы COVID-19 вирусын негізгі таратушыларды атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
«Екпе алуға құқығы бар әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Бұл әсіресе алпыстан асқан, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген адамдар тобы үшін маңызды», - деді ДДСҰ өкілі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде пандемияның бүкіл кезеңінде коронавирустық инфекцияның 258 миллионнан астам жағдайы анықталды. Аурудың құрбаны 5 166 192 адам болды.