Bugin

Жасөспірімдер неге жиі суицидке барады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша жыл сайын 45 800 жасөспірім немесе әр 11 минут сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Бүгінде, мектеп оқушыларының, ерлер мен әйелдердің өз өзіне қол жұмсауы қоғамда резонанс тудыруда. Ағымдағы жылдың сегіз айында 105 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады деген мәліметке ата-ана алаңдаушылық білдіруде. Осы орайда, мектеп оқушыларының өз-өзіне қол жұмсауының себебі не? - деген сұрақ туындайды. Осы сауалға байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры  Нұргүл Тоқсанбаеваның пікірін білдік.  

Нұргүл Тоқсанбаева, психолог: 

- «Суицидке Италияда алғаш Қ1947 жылы Г. Дэзен деген ғалым «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсініктеме берген. Суицидті «суицидология» деген ғылым зерттейді. Суицидтің алдын алу үшін психолог мамандардың көмегі жеткіліксіз. Өйткені суицидке баруына әлеуметтік, демографиялық жағдайы әсер етуі мүмкін. Отбасыда жалғыз баланың өмірден жалығуы немесе көп балалы отбасыда өскен баланың ата-ана назарынсыз қалуы суицидке себеп болып жатады.  

Суицидке баратын адамдар көптеген психологиялық ерекшеліктерге ие болады. Мысалы, ол өте сезімтал, өзін-өзі талдауға бейім, өзіне сенімсіз, ұялшақ, рефлексивті, инфантиливті, импульсивті, күмәндануға бейім, эмоциональды адамдарда жиі кездеседі. Соның ішінде көбі өмірге өте сезімтал қарайтын меланхолик, флегматик адамдар. Бірақ, холерикте де бар. Мына темпераментте көп, мына темпераментте аз деп те айта алмаймыз. Өйткені, ұялшақтық, ойын айта алмай өзін-өзі талдап, өзін-өзі жазалап жүретіндер меланхоликтер мен флегматиктерден шығады. Әсіресе меланхоликтерде. Бұл жағдайда бала өмірден белсенді құлшыныс, ата-ана мен мұғалім тұрғысынан қолдау табуы керек. Өмірге құлшынысы болған жағдайда бала ондай әрекеттерге бармайды.  

Екінші жасөспірімдік кезең кезінде неге суицид көп болады? Яғни бала өзінің түріне де, ісіне де, оқыс айтып қойған сөзіне де ұялып, өзін басқалармен салыстырады. Соның нәтижесінде ол жаңағы топтан қашудың амалдарын ойлайды. Әсіресе белсенді балалар басыңқы темпераменттерді көп басатын кезең. Сол кезде балада жалғыздық синдромдары білініп, өмірден шаршаған күйде болады. Сол кезде міндетті түрде ең басты көмек ата-анадан. Мысалы, мектептегі екі-ақ психологқа 500-600 баланың қандай күйде жүргенін зерттеу қиын.  

Суицидтің ерекшеліктері бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы өзін өзі жазалау. Бұл жерде тұлға өзін кешіре алмай, істеген істеріне жауап беруден қашып, өзін кінәлі санайды.  

Екіншісі өмірден бас тарту. Өзі үшін ең құнды нәрсені жоғалтып, қайтару мүмкін емес деген оймен бәрінен бас тартады. Бірінші жасөсіпірімдік кезеңнің соңында екінші кезеңнің басында балаларда жыныстық жетілу кезеңі дамиды. Содан кейін қозу болады. Қозу көп болғаннан кейін психика қалыпты басқару деңгейін жоғалтады. Өйткені, бала өзінің ғашық болған адамын көрген кезде қозу темпераменті мықты болады. Сондықтан онсыз өмір сүре алмайтындай күйде болады. Сол адамды көрген кезде жүрегі лүпілдеп, не айтарын білмей сасқалақтап жатады. Оны махаббат деп ойлайды. Бірақ ол махаббат емес. Ол адамды көрсем, жақсы көрсем, құшақтасам деген нәрселерді ойлайды. Осындай ойдан соң оны көрген кезде психикада қатты қозу процесі болады. Қатты қозу процесі болған кезде жүрекке салмақ түседі. Сол ойдың бәрі бейсаналық күйден саналық күйге ауыса бастайды.  

Одан кейін қарсылық көрсету. Мұндай типтегі адам өзін ешкім жақсы көрмейді деп санап, өзін ренжіткен адамдарға агрессиялық күш көрсетеді. Соның әсерінен өзіне қол жұмсайды.  

Одан кейін қашу. Бұл жерде тұлға бір қайғылы жағдай болады деп қорқып, алдын алу үшін сол істен қашады. Сондықтан өз-өзіне қол жұмсайды. 

Өз-өзін өлтірудің тәсілдері де бар. Әйелдер арасында  ұйықтататын, уландыратын дәрілерді көп ішіп, суицидке барып жатады.  

Ал тамыр кесу ер адамдарда жиі кездеседі. Ол өте қиын. Үлкен батылдықты талап ететін демонстративті әдіс. Мұндайда адам белгілі бір агрессивті күштің арқасында ғана өзіне қол жұмсайды. Өзін өзі өртеу тәсілі саяси фанатиктер, психикалық науқас адамдар мен діни қарсылықтарда көп қолданылады.  

Экзотикалық әдіс өте сирек қолданылады. Қопарғыш заттарды, улы жыландарды, электр тогы секілді нәрселерді қолданып өз-өзіне қол жұмсайды.  

Жалпы суицид мінез-құлықтың эмоционалдық ерекшеліктерінің бір жағы ретінде қарастырылады. Яғни адам өз мінез-құлқын басқара алмаған жағдайда суицидке барады. Көбінесе суицидке барар алдында адам мазасыз күйге еніп, психопатологиялық ерекшеліктері өзгере бастайды. Мұндайда адам өзін өзі қолға алып, басына кірген ойдан ажырауы керек. Адам мазасыздана бастаған кезде бірден достарымен кездесіп, би кештеріне барып, күліп, билесе, биік тауларға шығып айқайласа мазасыз ойдан ажырайды».