Bugin

Шымкентте жалдамалы пәтерден жас қыздың мәйіті табылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік "Отырар" порталының хабарлауынша, қыздың денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста. Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады. Алайда үшінші күні телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты. Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.