Экономика
Қоқыс-ғасыр мәселесі
Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор –қоқыс. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерінсұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін. Қоқыссаласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етіп тұр. Сондықтан бұл салағакәсіпкерлік тәжірибесі мен капиталы бар бизнесмендерараласа алады.
Ең кемінде көлемі 1000 шаршы метрденасатын қойма, қайта өңдеу цехтары, жоғарытемператураларда өртейтін пештер, қоқыс сұрыптауыш машина,темір арқанды аспалы магнит, жүк көлігі керек.
Эколог Мелс Елеусізов қоқыс мәселесін өзіншешешудің жолдарын ұсынып отыр. Ол 5 жылдан беріқаладағы қоқыс тастайтын орындардың бірін шағынкәсіпорынға айналдырған. Мұнда бар-жоғы екі қызметкержұмыс істеп, тұрмыстық қалдықтарды қолмен іріктепотырады. Қағазды, полиэтилен пакеттерді, пластмасса шөлмектерді қайта өңдейтін зауыттар сатып алады, ал қалған бөлігі іріктелген күйі қаладағы үлкен қоқысқажіберіледі. Мэлс Елеусізов, “Табиғат” Экологиялықодағының төрағасы: - Көп қалдық шығады. Адамдар қазіркөп дәрі пайдаланатын болды. Жарнама қатты жүріпжатыр. Әр үйден бір мөшектей дәрі-дәрмектер шығады. Соның бәрі уақыт өткеннен кейін осында кетеді. Проблема – кәсіпорындардың жоқтығы. Табиғатжанашыры қаладағы қоқыстың бәрі осылай іріктелсе, оның қоршаған ортаға тигізер зияны азаяр еді дейді. Әзірше Алматыда жұмыс істеп тұрған жалғыз қоқыстықайта өңдеу зауытында қалдықтарды іріктейтін мүмкіндікжоқ. Ол зауыт қоқыстың 70 пайызын ғана қайта өңдепшығарады. Алматылықтар қоқысқа жыл сайын 470 мыңтоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық заттартастайды. Оның 3 мың тоннасына жуығы полиэтилен пакеттер болса, 12 мың тоннасы пластмасса бөтелкелер. Алматының қайта өңдеу зауыты бұл қалдықтардан жүкбуатын жіптер мен түтіктер жасап шығарады. Қайтаөңдеуге жарамайтын қалдықтар қаладағы қоқысполигонына жөнелтіледі. Онда зиянды заттарды жергекөмеді. Бірақ экологтарды мазалайтын басқа мәселе. Адамдардың саналы түрде қалдықтарды табиғат аясынатастауы. Мысалы, пластикалық бөтелкенің шіруіне 100 жылдан астам уақыт керек. Бұл аралықта шөлмек әр түрліулы заттарды сыртқа шығарады.
Гузел Құлжабаева, “Гүлстан” журналының бас редакторы: - Балаларға кішкентай кезінен соны ешқайдатастамау керек екендігін үйретуіміз керек. Бүгінде қалдықзаттардың да кәдеге жарайтынын мектеп оқушыларыжақсы ұққан. Оқушылар құрылыс материалдары ретіндекүнделікті өмірде тұтынып жүрген заттарды пайдалануда. Енді бұл мектептің ауласында жатқан қоқыстың бәріпайдалы. Табиғат жанашырлары оқушылардыңбастамасын бүкіл елге үлгі етпек.
Бүгінде республика аумағында 43 миллиард тоннаданастам қоқыс жинақталған. Оның тек 5 пайызы ғана кәдегежараса, қалғаны жер қойнауына жіберіліп, одан әрісіқауіпті үйінділердің маңына төгіледі. Қазіргі уақыттатұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және өңдеумәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті жағдайдың қатарындатұр. Қоқыс өндемек түгілі, күнделікті шығып жатқан күл-қоқысты қайда төгерімізді білмей, қауқарсыз күйдеекендігіміз шыңдық. Қоқыс полигондарыныңжетіспеушілігінен, оның сыйымдылығына шыдас бермей, күн сайын қоқыс қалдықтарының саны өсуде.
Алысқа бармай-ақ қаладағы жағдайдың қазіргі мүшкіліадам көргісіз. Әр жерде жатқан полиэтиленді пакеттер, қалбырлар мен бөтелке шөлмектері, атап айтқандатұрмыстық заттардың түр-түрін кездестіре аласыз. Қалатұрғындарының ұқыпсыздығы мен немқұрайлығықаланың ластануына сүбелі үлесін қосып жатыр. Біреулеркөшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшіккежетер-жетпестен қолындағысын лақтырып кетеді. Адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті жәйттерді ескереотыра, күл-қоқыстың жер-жерде шашылып жатқаны түбіжақсылыққа әкелмесі анық. Жоқтан бар жасауғаәлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. Еліміздің әр өңірінде бір-бір қоқыс өндіретін зауытсалынса, табиғаттың тынысы ашылып қана қоймай, жұмыссыз жүрген адамдарға екі қолына бір күректабылар еді.
Қаланың әйбәт келбеті, әсіресе, тазалығытабалдырығынан басталған халықтың мәдениетіментығыз байланысты. Ал, мәдениет бар жерде қалаға дегенжаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. «Тазалық – иманныңжартысы. Аллаһ тазалықты жақсы көреді» деп пайғамбарсөзін алға тартып, адамдар тазалыққа ортақжауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді! Қайауақытта да ғұмыр кешіп жүрген ортамызды таза ұстау, Жер-Анаға қиянат жасамау адамзаттың қолында. Ендеше, қаламызды күл-қоқыстан таза ұстайық, ағайын!