Bugin
ҚР Президенті сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистері академиясының академигі, талантты журналист, сазгер Серiк Жанболат өзінің фейсбуктағы парақшасында қазақ тілінің болашағына алаңдаушылық білдірген жазбасын жариялады.
«Сеанс» сөзін біз қазақ тіліне аудармай қолданып жүрміз. Ал, оның француз тілінен аударғанда тура мағынасы «отыру» деген сөз екен. Жанама мағынасы «жиналыс» деген сөз. Тірі тіл қолданысқа түскен сайын сөздер де түрленіп, тың мағына табатыны белгілі. Сеанс сөзіне де жан бітіп, белгілі бір уақыт аралығында бір нәрсені орындау, немесе, бір нәрсені көрсету деген тың мағына тауып алған. Мысалы, кино көрсету, шахмат ойнау, өнер көрсету, би билеу, думандату, ән салу деген сияқты. Сеанс сөзі бізге жетпей тұрғанда да қазақтар бір мезгіл дамылдап отырған шығар. Сол думандатып, немесе сейілдеген уақыт аралығын қалай атады екен? Француздарға қарағанда көшпенді қазақ - біздер көбірек сеанстатқан шығармыз? Қазақ тілін шұбарлай бергенше осындай ұғымдарды қазақшалап алғанымыз жөн болмай ма? Әйтпесе, уақыт өткен сайын қазақ тілі терминдердің тізбегіне айналып кететіні анық. Технологияның даму қарқыны сұмдық. 50 жылдан соң қазақ тілінің жұрнағы да қалмауы мүмкін. Сонымен, дамылдап, ән салып, күй ойнап отыратын уақытты қазақтар не деп атаған. Біраз ой жүгіртіп көрсек, - делінген жазбада.