Қоғам

Министрлік 4 апта қатарынан азық-түлік бағасы өспегенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 4 апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы өспеді. Бұл  туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Премьер-министр сайтының мәліметіне сүйенсек, өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% құрады. Қабылданған шаралар есебінен төртінші апта қатарынан пияз (-0,9%), тұз (-0,4%), күріш (-0,3%) бағасының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ сиыр еті, рожки және ұн бағасының төмендеуі (-0,1%) тіркеледі. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты.