• Еңбек кітапшамдағы алғашқы жазу "аула сыпырушы" деп жазылған.Соңғы жазуда Ресей Федерациясының президенті" деп тұр,-деген болатын Д.Медведев.

  • Иə, адам таң қалатын жағдай.

    Беделі асқан ақсүйекке жатқызып жүрген жан, кезінде көшенің қоқысын тазалаған деген ой мына сізге де, бізге де кіріп шықпасы анық. Бірақ мақаламның мәселесі мұнда емес... Бүгінде қоғамда мұғалім, дəрігер, заңгер сияқты мамандықтар үлкен маңызға ие. Иə, бұлар əлеуметте үлкен рөлдегі салалар.Оларды жалпы қоғам ғана емес сол қоғамдағы бүкіл тап өкілдері сыйлайды құрметтейді.
    Енді мына нəрсені ойлайық... Таң атысымен бəріміз үйімізден жұмысымызға,сабағымызға асыға шығып, қолымызға үлгерсек үй қоқысын да ұстап, ала шығамыз. Оны апарып сырттағы қоқыс жəшігіне асыға-аптыға лақытырамыз. Ол сол жəшікке түсті ме, əлде шашылып бүкіл көшеге жайылып ұшты ма, онда шаруамыз жоқ.
    Əйтеуір, салу міндет, ол орындалса болғаны. Енді аялдамаға келе жатып, жолай қоқыс сыпырушысын көреміз, сонда да шашып кеткен қоқысты есімізге де алмай көзідің аласымен аяй қарап, өтіп кетеміз.Бұл біз көріп жүрген күнделікті тіршіліктің бір ғана көрінісі.
    ЕЛЕНБЕЙДІ...
    Орташа есеппен алғанда аула сыпырушылардың айына алар ақшасы 25-50 мың теңге. Ал жұмысының ауырлығын айтпасақ та түсінікті. Тек көшенің, ауланың ғана емес, сонымен қатар күллі қаланың тазалығын қолы мен сыпыртқысына жүктеген аула сыпырушысының бүгінде қоғамда еңбегі құнсыз, дəрежесі төмендетіліп келеді.
    НЕГЕ?
    Сіз күнде өтетін көшеңіздің тазалықшысын көрген кезде əрқашан амандасасыз ба?
    Сіз сол адамдардың еңбегі үшін бір ретте болсын алғыс айттыңыз ба? Бəріне күйе жақпаспыз, дегенмен қоғамда алалаушылық басымдылыққа ие боп кетті. Жасөспірімдердің түрлі бөтелке, қалдық заттарын қоса лақтырып онымен қоймай жинап жатқан адамға сыйласытық танытпай қозғалмастан кедергі жасап, немесе істеген ісін таптағанын көргенде, көкейге ыза келері сөзсіз.
    ҮНСІЗ... Бірақ олар отбасы, тіршілігі, балалары үшін бəріне үнсіздікпен көз жұма қарайды, қарсы шығып өз құқықтарын қорғаған емес.Аялдамада көрген оқиғам ойымды сан саққа жүгіртіп əлі күнге маза бермей қойды...
  • Аула сыпырушысы ептеп жұмысын жасап жүрді сол күні. Орындықта отырған менің қасыма келіп, "кешіріңіз мына жерді тазалайын"-деді. Мен бұл кезде ол кісіні байқамай да қалыппын. Орынымнан ұшып тұрып, жан жағыма қарадым.Бір кезде қолында темекісі бар бір ағай (басқа ұлт өкілі орыс немесе ажырата алмадым əйтеуір сары жүзді адам) аяғын қорпылдата басып келіп.Шегіп тұрған шылымының тұқылын жанындағы қоқыс салғышқа емес, аула тазалықшысының алдына лақтыра салды. Бұны көрген қазақ ағай намыстан шыдамай айғайлап жіберді. Ол кісінің айтқан сөздері нағыз патриоттықтың белгісіндей болып көрінді маған." Ей, сыпырып жатырғанын көріп тұрсың ғой неге лақтырасың? Біздің жерді ластама орыс! Бұл жер қаншама қан мен терден мұра боп қалған! Сендердің қоқтықтарыңды көтеру үшін емес, сен өз жеріңді емес біздің жерді ластап жатырсың! (тазалап жүрген ағайға қарап) Сен неге айтпайсың шашпа деп! Сен қазақ сол орыстың шашқанын өз жерімізде үнсіз жинай бересің бе?"- деп қатты ашуланды. Бірақ əлгі орыс ағайға бəрібір "я не понимаю" деп қояды. Ал аула сыпырушысы болса сол күйі үнсіз жинап жүре берді