Денсаулық

Ағза сату мұқтаждық па әлде сауда ма?

Донор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды»-,демекші бүгінде еңбек етпей оңай олжаға белшенеден батқысы келетіндер қаншама. Менің айтқым келгені ағзасын сатып, қомақты қаржыны ие болғысы келетіндер. Қазіргі таңда қара нарықта ағза сату, оның ішінде бүйрек сату қызып тұр. Жыл сайын мыңдаған адам донор жоқтығынан өмірден өтеді. Жылына 300 ден аса ота жасалады. 

Кезекте тұрғандардың саны 3,5 мыңға жуық. Донор тапшылығын шешу үшін Қазақстанда өлі адамдардың дене мүшелерін алу шаралары қолға алынды. Батыста трансплантацияға қажетті ағзалардың 85 пайызға жуығы өлі адамдардан алынады. Ал, бізде көбінесе тірі адамдардың донор болуы басым, өлі денелерді іске асыру 27-30 пайыз ғана. Көп жағдайда, ота бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, асқазан асты безі т.б осы ағзаларға жасалынады.

Ғаламторда өз ағзасының сатылатындығы туралы хабарлайтындар жиі кездеседі. Сатылатын ағзалардың көбісі – бауыр және бүйрек. Бұл ағзалардың межеленген құны – 30 мың бастап 100 мың долларға дейін. Дәрігерлердің сөзінше ең көп ауыстырылатын осы екі мүше. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша бауыр трансплантациясына мұқтаж 500-ден астам науқас бар. Донор таба алмай жүрген адамдар қаншама.

 Қара нарықтағы бүйректің бағасы бүгінде 5 миллионнан 130 миллионға дейін. Қазақстанда туыстық донорлардан, мәйіттік донорлардан ағза алып салу 2011 жылдан бері белең алған. Бүйрек алмастыру отасы 4-6 сағатқа дейін созылса, бауыр алмастыру 12-16 сағатқа созылады.  Жылына бауыр алмастыру отасын 3-4 адамға ғана жасаймыз, кезекте тұрған науқастардың  30-40 пайызы көз жұмады, ал 60-70 пайыз науқас кезегін күтпей кетіп қалады. Қара нарықтағы жүректің құны 150 мың , өкпе 70 мың долларға бағаланады. Осының бәрін саралай келе демек, бұл дегеніміз он екі мүшесі сау адамның қара нарықтағы құны 320 мың долларды құрап отыр.Әлемде жыл сайын 100 800 адам ағзасын ауыстырады. Оның 69 400-ы бүйрегін, 20 200-і бауырын, 5400-і жүректі, 3400-і өкпесін, 2400-ы ұйқы безін салдырған.

Ағза ауыстыру бір күнде бітетін оңай емес. Науқас кем дегенде 5-6 жыл көлемінде күтеді. Әлемнің дамыған елдерінде мәйіттік донорлық арқылы мүше алмастыру жыл өткен сайын дамыса, ал Азияда елдерінде әлі күнге дамымаған.Қазақстанда бүгінге дейін 81 ғана мәйіттік донордың ағзасын салу отасы жасалған. Бізде транспланттау операциялары Шымкентте, Астанада, батыс аймақтарында  трансплантология, онкология орталықтарында, Алматыдағы Сызғанов атындағы кардиохирургия, хирургия институтында жасалады.

Ағза сатуды мұқтаждық деймізбе, әлде сауда деймізбе білмеймін. Қаржыға мұқтажардың тірі тауарға айналғаны қынжылтады. Көбісі банктегі несиелерін жаба алмай, денесінің бөлшектерін саудаға салуда. Бұны қоғамның кеселі деймізбе? Айта кетерлігі бұл нарықта сондай-ақ, алаяқтарда жоқ емес. Талайдың санын сан соқтырғандар қаншама. Айта берсең көп қой. «Еңбектен асқан ем жоқ»-, дегендей өмірдегі сәл бір қарызға я болмаса несие үшін Тәңір берген аманаттан айырылмайық!