Bugin
Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салынуда.
Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысындағы құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізуде.
Қазіргі уақытта оң жақ өткелдердің Сыпырған ата–Темірлан тас жолының, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов–Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков қиылысындағы бөліктері толық аяқталып, жол белгілері орнатылды.
Аталған көшелерде жұмыс біткен соң 60 жол белгісі орнатылады. Осы жылдың сәуір айында басталған оң жақ өткелдердің құрылыс жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарланған.