Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру жолдары талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру туралы  семинар өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Білімдегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік жағынан қолдау» тақырыбында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығына қарасты "ULAGAT" қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өзбек тілі мен әдебиеті пәні қауымдастығының білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру арқылы оқу сапасын арттыру мақсатында қалалық тәжірибелік семинар болып өтті. 

Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың директоры, ф.ғ.кандидаты М.А.Медетбекова алғы сөзінде оқу мен оқыту жүйесін жүйелі жүргізудің нақты қадамдарын, әрі педагогтердің білім сапасын арттыруға үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты.

Қалалық оқыту семинарының педагогтер үшін маңыздылығын, өзара тәжірибе алмасу алаңында басты қызмет атқаратындығын Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың бөлім басшысы, "ULAGAT" қауымдастығының төрағасы Ж.Б.Утесинова нақтылап атап өтті.

Семинардың екінші – практикалық бөлімінде Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Худайберганова Лолахон, Хакимова С. және бастауыш сынып мұғалімдері Сайдиганиева У. Таджибаева Г. сабақ барысында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жолдарын көрсетті.

Семинар соңында педагогтер өзара пікір алмасып,  білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жолдарын талқылады.