Bugin

Шымкентте өңдеу өнеркәсібі дамуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда. , Оның ішіндегі 605 өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың 10 айында   632,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артты.

Өнеркәсіп саласында үлесі 87,2 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 551,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға өсті. Көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 9 орында тұр. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі саласында 22,0 мыңнан астам адам жұмыс жасауда.

Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 2021 жылы қала аумағында 16,7 млрд.теңгеге 613 жұмыс орнын құрумен 16 жобаны іске қосу көзделген.

Қазіргі таңда 15,5 млрд. теңгеге 13 жоба іске қосылып, онда 500-ден астам жұмыс орындары құрылды.